Барлық адам баласы өмір көшін жалғап, ұрпақ сабақтастығын үзбей берекелі қоғам құру үшін, Алла Тағала үйленіп, отау құруға мұқтаждық күйде жаратты. Неке қиып үйлену арқылы адам баласы өз мойнына үлкен жауапкершілік алады. Жұбайлардың әрі қарайғы өмірлері берік қағидаға негізделуі керек. Соңғы кездері елімізде, теріс ағымдардың кесірінен, «уақытша неке», белгілі бір мерзім өткен соң әйелді «талақ» етіп, тастап кету сынды деректер жиі кездесе бастады. Әсіресе жастар арасында неке мәселесін терең білмегендіктен уақытша некеге бой алдырып, өте жеңіл қарап, жауапкершілікті сезіне алмауда. Жалпы шариғатымызда некенің бір ғана түрі бар ол – өмірлік неке. Біздің ұстанатын бағытымыз көпшілік ғұламалардың жолы. Яғни, шариғат заңы бойынша екі жастың уақытша неке қиюларына тыйым салынады. Әрбір адам баласы, ер мен әйелдің арасында жалға алу тәрізді келісім шарттың болуы мүмкін емес екенің аңғартады. Уақытша некені ұран еткен кейбір ағымдар, бейне бір жеңіл жүрісті адал етуге шақырып жатқандай. Бұндай некенің қоғам алдындағы әсері уақытша рахат табу, ләззаттану секілді ұғымдармен сәйкес келеді. Егер шаңырақтың қалануы алғашқы күннен некесіз, ақ батасыз басталса, онда бұл отбасы бармайды,мұнда берке де болмайды. Отбасын сақтап қалу әрбір мұсылман үшін үлкен міндет. Құран Кәрімнің басқа да аяттарында, ерлі- зайыптылар арасында пайда болатын түсінбеушіліктер, дереу ажырасуларына дәнекер болмауы тиіс. Керісінше, болып кеткен жағдайлардың тез ұмытылуы және кешірімшіл болуы талап етілген. Дініміз сол мақсатқа жетелейтін отбасы құндылықтарын, қағидаттарын, отбасы-ошақ қасы әдептерін т.б сауапты дүниелерді реттеді.
«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы: Кусайнов Б