Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлы 1991 жылы қаңтардың 10-шы жұлдызында БҚО Жәнібек ауданы Ақоба ауылында дүниеге келді.
2006-2010 жылдары «Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің» «Физика» пәні мұғалімі мамандығын оқыды.
2010-2013 жылдары ҚМДБ-на қарасты «Астана медресесі» және 2016-2019 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығын тәмәдады.
2013-2016 жылдары Орал қаласы «Тәжиден Батырұлы мешіті» және 2019 жылы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
2015-2016 жылдары «Теректі аудандық жастар ресурс орталығы» теолог маманы қызметін атқарды.
2019 жылы қыркүйек айынан бастап: БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы қызметімен қатар, «Аманат-Жайық» ҚҚ-да теолог қызметін қоса атқаруда.