Slider

Сұхбат

«Әйел жамағатын отбасы мәселесі толғантады»

Сұхбат

Назгүл ДАНАЕВА,

«Аманат- Жайық» қоғамдық қорының теологы,

Батыс Қазақстан облысы

«Әйел жамағатын отбасы мәселесі толғантады»

«Жусан». «ДАИШ»-тың лаңкесі екінші рет сотталды

«Менің кесірімнен көп адам түрмеге түскен шығар мүмкін. Мұны енді түсіне бастадым. Мүмкін сол жігіттердің шешелерінің қарғысын Құдай естіп, сол себепті де мен осында шығармын. Аналардың қарғысы маған тиген шығар.

КАРАНТИН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒИБАДАТ. Хасан Ташайұлы Аманқұлов

Пәтуа бөлімінің құрлымы. Пәтуа берудегі ең алғашқы қағидалар қандай? Карантиндегі ғибадат қалай болуда? Карантин Қазақстан мұсылмандары үшін қандай өзгеріс алып келді? Жұма оқылудағы парыз шарттары? Зайырлық дінді құрту деген сөз бе? Карантинің бізге берген ғибраты?

Сирияда ешқандай халифат та, тіпті ислам да жоқ

 

Қасиетті ислам дінін дұрыс түсінбей, ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанған асыл дініміз бен салт-дәстүрімізді, тіпті Отанымызды тәрк етіп, Сирияға қашып кетуді мақсат еткен адасқан қаракөздеріміздің бірі – Алмасбай Еселбаев үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде түрмеден шықты. Оны ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 1-бөлігімен, 172-бабы 1-бөлігімен Орал қалалық соты 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған болатын. Алмасбай көзі қарақты оқырманға республикалық «Жас қазақ» және өзге де газеттерде жарияланған жұбайы Жарқынай Еселбаева туралы «Мен жалған жихадшының әйелімін» тақырыбындағы сериялы мақалаларым арқылы жақсы таныс.

«Ең әуелі орамалды емес, иман мәселесін насихаттау қажет»

Фирдоуси ауылындағы орамал дауы  

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылы қаңтарда шығарған бірыңғай мектеп формасы ережесіне бағынбаған Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы  А. Фирдоуси атындағы жалпы орта мектепте 3 қыркүйектен бастап бірыңғай мектеп формасын сақтамаған оқушыларға  мектепке кіруге тыйым салынғаны белгілі.  Орамалын шешпеу себепті үш күн бойы сабақтан қалған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу шаралары да жүргізіліп жатыр.  Мектепке орамалын шешіп барудан  бас тартқан 13 оқушы қыздың ата-анасына бес айлық есептік көрсеткішке (бір айлық есептік көрсеткіш – 2405 теңге) тең айыппұл салынған. 

Зайырлылық дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайды

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

төрағасы, Бас мүфти

— Зайырлылық – əр адамның нәсіліне қарамастан, әр азаматтың қандай да бір дінге сену-сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Яғни бұл ұстаным адамның ар-ожданының моральдық болмысы еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекет азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз етеді. Профессор, ғылым докторы Досай Кенжетайдың пікірінше, зайырлылық туралы анықтамалар көп. Солардың бірі – барлық дінге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болған мемлекеттік ұстаным. Осы анықтама зайырлы мемлекетті нақтылай түседі. Неге барлық дінге бейтарап қарайды? Себебі дін көп, ал Құдай түсінігі бір. Адамдардың Құдай түсінігі ортақ болғанмен, олардың танымы, сенімі, сезімі, құлшылығы, оның мына әлеммен қатынасы, яғни дүниетанымы, ақырет туралы сенімдері де әртүрлі. Сондықтан мемлекет өзінің азаматтарының діни сенімдеріне араласпайды, құрметтейді, бейтарап ұстанымда болады».

Қазақстанның еңбек сіңірген азаматы болсақ деген арманымыз бар

Бұрынғы псевдосәләфтар: 

«Қазақстанның еңбек сіңірген азаматы болсақ деген арманымыз бар» 

Олар 2012 жылы қазан  айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233-3 бабы- террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандықтарынан айырылған. Орал қаласындағы РУ- 170/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан олар мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Ерте шыққаны - бұрын исламның сәләфилік бағытын ұстанған олардың түрмеде отырып түзелгені, өз қателіктерін түсініп, діни сауаттарын ашып, ата-баба ұстанған дәстүрлі дініміз- Ханафи мазхабына оралғаны.  Бір кездегі «вахавистермен» кездесіп, әңгімелесуге бардым. Менің алдымда үлбіреген ақ жемпір киген аппақ бір бала отырды. Есімін өзгертіп Жарқын дейінші. Екіншісі- сөзге сараң болса да сөзі мен ісіне нық көрінген Болат. (Оның да есімі өзгертіліп жазылды) Сонымен сұрақ қоюшы — мен.  Жауап олардан… 

Тұрарбек Құсайынов: «Шындықты түгел айтайын деп шештім»

 

Тұрарбек Құсайынов. Оның есімі бүкіл елімізге «Мен қалай рухани жаңғырдым» атты кітабімен жақсы таныс болды. Рухани ізденіс жолында жүріп, басынан небір шым-шытырық оқиғаларды өткізген автордың аталмыш туындысының ерекшелігі- көптің көкейіндегі сұрақтарды дөп басуында. Кітапта кімнің-кім екені, қандай жолда жүргендігі туралы ащы шындық айтылады және автор дін жолында сол адамдармен бірге адасқан. Бір ғажабы- ақиқат жолын іздеп жүріп шалыс басқан Тұрарбек санасын салқын, жүрегін таза қалпында сақтап қалған. 

Мақсат — айқын, жұмыс –жүйелі

Еркебұлан Қарақұлов,

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы,

республикалық РАНТ мүшесі

Мақсат — айқын, жұмыс –жүйелі

Берік АРЫН: Дәстүрлі рухани құндылықтар діни тұрақтылықтың тетігі

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынмен сұхбат – Берік Сақбайұлы, қазақтың дәстүрлі сенімі мен қазіргі кейбір діни ұғымдардың арасындағы қайшылықты реттеудің қандай жолы бар?

Балғабек МЫРЗАЕВ: Діндарлар есепке алынса да, күдікке ілінбейді

Мәжіліс қарауында жатқан дін саласына қатысты заң жобасының түсініспеушілік тудырған нормалары мен актілерін талдау, сараптау, түсіндіру шаралары жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары, теология ғылымының докторы Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында көпшілік көкейіндегі өзекті сауалдар мен кейбір күмәнді сұрақтарды кеңінен қамтуға тырысты.