Slider

Фиқһ

Уақытша некенің қоғамға әсері

Барлық адам баласы өмір көшін жалғап, ұрпақ сабақтастығын үзбей берекелі қоғам құру үшін, Алла Тағала үйленіп, отау құруға мұқтаждық күйде жаратты. Неке қиып үйлену арқылы адам баласы өз мойнына үлкен жауапкершілік алады.

Діни сенім бостандығы туралы түсінік

Қазақстан — зайырлы мемлекет. Діндерге шектеу жоқ. Дініне, көз-қарасына қарап ешкімді қудаламайды, қысым көрсетпейді. Себебі басты парызымыз зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құру. Сондықтан елімізде сөз, діни, наным-сенім бостандығы сақталған.

Диолог мировых религий в контексте: Восток-Запад

Слово диалог в настоящее время имеет широкое применение. В частности, диалог Востока и Запада, диалог Севера и юга, диалог культур, диалог в науке, межрелигиозный диалог. Сегодня понятие межрелигиозного диалога начинается с понимания таких потребностей, как взаимопонимание между представителями различных религий, формирование культуры согласия, путь к толерантности, и сегодня проявляется как в религиозной вере, так и в этической, культурной сферах.

Влияние религий на развитие современного мира

Мы живем в эпоху передовых технологий, развитой науки, искусства и культуры. В эпоху, когда главной движущей силой выступает человек в образе творения собравшего в себе необходимый опыт на протяжении тысячелетий своего существования. Все мы знаем таких выдающихся личностей как Илон Маск, Билл Гейтс, Стив Джобс, а также ряд других деятелей науки и культуры. Именно их принято считать одними из основоположников, основателей и архитекторов современного мира.

Ислам ілімдерінде діни мәтіндерді түсінудегі буквализм проблематикасы

Ислам дін боп қалыптасқалы әртүрлі қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткізді. Хадисте тілге тиек етілген «алтын үш ғасырдың» өзінде әртүрлі саяси, діни топтар пайда болып, мұсылмандар арасында алауыздық тұтатып отырды. Аталмыш топтардың пайда болуына түрткі болған сан алуан себептер бар. Сол себептердің бірі — діни мәтіндерді талдау кезіндегі буквализм.

Зекет – бес парыздың бірі

Дін — бүкіл әлемдерді жаратушы Алла тағаланың адамзатты екі дүниеде де шынайы бақытқа жетелеу үшін жіберген иләһи ережелер мен қағидалар жиынтығы болып табыладыСол себепті, ислам дінінің тыйған тыйымдары — адам мен қоғамды ластық пен жамандықтан қорғау үшін болса, әмір еткен парыздары — кейде тікелей, кейде жанама түрде қоғамдық тепе-теңдікке, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа, адами бақытқа апаратын негізгі жол.

Қажылық махшар майданын еске салғандай

Исламның бес тірегінің бірі болған қажылық құлшылығы – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі. Қажылық ұғымы – араб тіліндегі الحَجُّ  (әлхажжу) ұғымының баламасы. Тілдік мағынасы — ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту. Қажылық дегеніміз – балиғатқа толған, ақыл есі дұрыс, денсаулығы сау әрі қаражат мүмкіншілігі табылған әр мұсылманның Алла үшін ғұмырында бір мәрте шариғат белгілеген мерзімде арнайы шарттарға тәуелді құлшылық рәсімдерін орындауға дара тағайындалған қасиетті орынды зиярат ету.

Оразаның үкімдері

Ораза   -таңнан қара кешке дейін ішіп-жеуден және оны бұзатын нәрселерден тиылу. Оразаның парыз болу шарттары- мұсылман болу.  Дінді жаңа қабылдағандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарын өтеу міндет емес. Екіншіден, балиғат жасына толып, ақыл – есі дұрыс болу. Балалар мен ақыл – есі ауысқан, талып қалатын немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Үшінші -ораза ұстауға күші жету және жергілікті тұрғын болу. Науқас  адам мен  жолаушыға ораза парыз емес. Бірақ оразасын ұстаған дұрыс. Ұстамаса басқа күндері қазасын өтейді. Кәрі адам немесе жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдар фидиясын береді.

Ораза ойға мұрат, бойға қуат береді

Қош келдің, әз Ораза, төрлетіңіз,

Ұлтымды ұйқылы-ояу тербетіңіз.

Басқадай бақыт іздеп неғылайын,

Жанымда, жанарымда келбетіңіз.

Құлшылық құндылықтары

Барлық мақтау жаратқан Иеміз Алла тағалаға болсын! Пайғамбарымызға Алланың игілігі мен сәлемі болғай!

Құлшылық жасалуы үшін және кімге жасалуы үшін әр адам өзінің жаратушысын тануы керек. Жаратқан Иеміз бір адамға өзін танытты да, екінші бір адамға ондай мүмкіншілікті бермеді десек, біз Алла тағаланың 99 көркем есімінің бірі «Әділ» екендігін ұмытқандығымыз болып табылады.

Намаз – діннің тірегі

Жер бетінде тіршілік қылған кез келген жұмыр басты пенденің қайдан келгені, қайда баратыны, не үшін өмір сүріп жүргені әр пендені толғандыратыны рас. Көкейде ұялаған мұндай сауалдарға жауапты, Құран кәрімдегі: «Адамдар мен жындарды тек Өзіме ғана құлшылық жасасын  деп жараттым»  деген аяттан табамыз.