Slider

Құлшылық құндылықтары

Барлық мақтау жаратқан Иеміз Алла тағалаға болсын! Пайғамбарымызға Алланың игілігі мен сәлемі болғай!

Құлшылық жасалуы үшін және кімге жасалуы үшін әр адам өзінің жаратушысын тануы керек. Жаратқан Иеміз бір адамға өзін танытты да, екінші бір адамға ондай мүмкіншілікті бермеді десек, біз Алла тағаланың 99 көркем есімінің бірі «Әділ» екендігін ұмытқандығымыз болып табылады.

 

Алла Тағала жалғыз, серігі жоқ. Оған ұқсаған еш нәрсе жоқ. Оны, яғни Алланы  әлсірететін еш нәрсе жоқ. Алладан өзге құлшылыққа лайық болған Тәңір жоқ. Яғни, бұл адамның ең бірінші білуі керек мәселесі. Бұл дүниеге келу мақсаты да осы «лә иләһә иллаллаһты» жүзеге асыру, соған жараса өмір сүруі — адамның негізгі міндеті. Қиямет күні қабірге түскен кезде де  сұрақ «Раббың кім» дегеннен басталады. Сол үшін адам Раббысын тануы керек. Барлық нәрсе Алланың әмірінің аясында жүзеге асатындығын және одан басқа ешқандай құлшылыққа, жалынуға лайық ештеңе жоқ екендігін білу. Біліп қана қоймай, соған жүрекпен сену.Оны тілмен айту. Және соған жараса өмір сүру адамның негізгі міндеті болып табылады. Осыны «біл» дегенде, осы турасында ілімді үйрен деп тұр. Құлшылық жасауға себеп болатын нәрсе — Жаратушыңды тану. Бір ғалым: «Кімде-кім Алла Тағаланы таныса Оны сүймеуі мүмкін емес» деген. Ал, «Алла Тағаланы жақсы көрген адамның оған бағынбауы мүмкін емес» дейді. Алла Тағалаға бағынған адамның бақытсыз болуы мүмкін емес. Яғни, адам Алланың ұлықтығын таныған кезде еріксіз құлшылыққа бас ұрады. Біздің қазіргі кемшілігіміз Алла Тағаланың  өзін танудан бұрын оның әмірлерін  бұрын таныдық. Бірақ сол бұйрықтың иесін дұрыс танымадық. Бұйрықтың иесін танымағасын да бұйрықтарды ықылассыз орындай саламыз. Бір адамға тапсырма хат келсе, бірақ кімнен екені белгісіз болса, әзілдеп отырған біреу ме деп те ойлауымыз мүмкін. Тапсырма орындалмай қалады. Егер тапсырма өзінен төмен мансаптағы немесе тең дәрежедегі адамнан болса, тағы да  орындалмайды. Ал патшадан болса міндетті түрде орындаймыз. Бізде өкінішке орай намаздың, оразаның, зекеттің парыз екенін, арақтың, зинаның харам екенін білмейтін кісі кемде-кем. Бірақ барлығы бірдей құлшылық етіп жүрген жоқ. Себебі сол бұйрықтар мен тыйымдардың иесін тану дәрежесі төмен. Сондықтан да адамдар Алла Тағалаға құлшылығын жасауға ерінеді, құлықсыз. Бір ғалым: «Құлшылық дегеніміз не дегенде: «Ерікті бағыну үшін яқин сенім пайда болады.  Яқин сенім құлшылықтан бұрын келіп адамды мәңгі бақытқа жетелейді. Құлшылық- тану, бағыну, бақытқа қол жеткізу. Ғұламалар: «Ислам мен иманды байланыстырып тұратын бұл –ихсан»  деген. Хадис Жабраилдегідей.

Кейбір адамдар иманды да, исламды да біледі. Бірақ намаз оқымайды. Демек жүрегіндегі иманды пайдаланып, исламды орындау үшін ихсан жетіспей тұр. Пайғамбарымыз ( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ихсан дегеніміз сен Алланы көріп тұрғандай немесе сені Алла көріп тұр»,- деген сезімді сезіну.

  1. Алланы көріп тұрғандай сезіну.
  2. «Алла мені көріп тұр» деп сезіну.

Мысалы:

1.Патшаның тікелей қабылдауында болу.

  1. Бөлмеңе бейне камера қойып, патша көріп отырғанын біліп тұрсаң да, кездесудей болмайды. Бірақ шалқайып жата алмайсың.

Әрбір уақытта Алладан ұялу, қорқу, ұлықтығын сезіну. Осы сезімдер адам бойынан табылған кезде иман мен исламды байланыстырады. Сол үшін де адам ең бірінші  Алла Тағаланы тануы керек.

Мүшриктер: «Ей, Мухаммед, Раббыңды бізге сипаттап берші»,- деген кезде  Алла Тағала «Ыхлас» сүресін түсірген.

Аллаға серік қосу кешірілмейтін күна.  Құран Кәрімнің Ниса сүресінің 48,116 аяттарында  Алла Тағала: «Алла Тағала өзіне серік қосқанды кешірмейді. Басқа күналарды кімге қаласа кешіреді» деген. Бұл аят — адамдарды кәпірге шығарып жатқандардың қателігіне үлкен жауап. Және дініміздегі үлкен бір ұстаным. Яғни, серік қосқан күйде өмірден өтіп кетсе кешірілмейді. Иманы бола тұра күналары үшін тозаққа түссе де, онда мәңгі қалмайды. Күнәһар мұсылман жәннатқа кіруі үшін  міндетті түрде тозаққа кіріп жазасын өтейді  деп те айтпаймыз. Алла қаласа кешіреді де, тікелей жәннатқа кіргізеді. Өйткені Тирмизиден (р.а.) келген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағаты болады. Алла Тағаланың өзінің рахметімен жәннатқа кіргізілетіндігі, кейін шаһидтер мен қарилерге де шапағат ету құқығы берілетіндігі айтылған.

Бұдан көріп тұрғанымыздай,  Алланың үкімімен тозаққа түсіп азапталуы да мүмкін екендігі, Алланың үкімімен жаңағы шапағаттар беріліп, тозаққа түспей ақ  күналары кешіріліп, жәннатқа кірулері мүмкі98рдайым тілдің де,

жүректің де зікірі болуға тиіс.

Имам Тахауи (р.а.) айтып жатырған сөздердің ең бастысы — Алла Тағаланың серігі жоқтығы. Осы мәселеде көптеген адамдар адасты. Алла Тағаланы көпшілігі жалғыз деп тани алмады. Алла жоқ деген атеистер тарихта өте аз болған. Адамдардың көп бөлігін құртқан атеизм емес, көпқұдайшылдық.

Аллаға серік қосу  адамды одан да көп адастырды. Тарихты зерттесе барлық жерде ғибадатханалар болған. Бірақ мәселе сенімнің дұрыс болуында.  «Мүшриктердің Рубубиясы дұрыс болды да, Улухиясы дұрыс болмады» -дейтіндердің сөздері де дұрыс емес. Өйткені мүшриктер Алла Тағаланың Өлтіруші, Тірілтуші,Рызық беруші деген сипаттарына толық сенген жоқ. Мүшриктердің Рубубиясы дұрыс болды десе, ертең қабірде «Раббың кім?»-деген сұраққа «Раббым Алла Тағала»  деп жауап береді деген сөз.

Әлбетте мүшриктер олай жауап бере алмайды.

Ибн Таймияға дейін таухидті ешкім үшке бөлмегендіктен бұлай бөлу бидғат. Перғауынның сиқыршылары : «Біз әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға иман келтірдік»,- деді. Одан бұрын олар әлемдердің Раббысына иман келтірдік» демейтін еді.

Юсуф (а.с.) зынданда болған кезде «Көптеген Раббылар хайырлы ма,ә лде жалғыз Алла хайырлы ма» деді.

Яғни, олар көптеген Рабб деп сенетін. Пайда мен зиянды анадан, мынадан күтетін. Һұдтың  (а.с.) қауымының сөзі: «Біздің кейбір құдайларымыздың саған зияны тиіп кете ме деп қорқамыз»  деген. Яғни пайда,зиян пұттардан келеді деп сенді. Алла Тағала Пайғамбарымызға айтты (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Айт, Аллаға мақтау болсын. Ол сондай Алла, Оның баласы жоқ. Оның басқаруда серігі жоқ».

Ал мүшриктерде Алла Тағаламен бірге басқа Құдайлар бар деген сенім болған.Тура гректердің Зевсі мен айналасындағылары сияқты. Патшаға айтпай-ақ шеше беретін уәзірлері сияқты кіші құдайлар бар деп түсінеді.  Мүшриктердің қажылықтағы тәлбиясында: «Сенің серігің жоқ, тек қана сен басқаратын яғни, саған бағынатын серігің бар»  деді. «Оның меншігіндегі мүлікті де сен иемденесің» дейді. Құдайдың жанында көмекші құдайлар бар. Бірақ қаласа оларды орынынан алып тастайды. Ал кіші Құдайдың өзі — облыс әкімі сияқты президенттің рұқсатынсыз қарамағындағылардың жағдайын жоғары, төмен дәрежеге көтеріп, түсіре  алады деген сияқты сенген. Олардың қателігі — себептер Алланың қалауымен іске асатынына сенбейтін. Егер олардың сенімі дұрыс болғанда Пайғамбарларға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.) «Біздің пұттар Аллаға бағынады ғой» дер еді. Олар Алланың құдіретіне күмән келтірген.  «Біз тек бір Алланың қалауымен болады деп сенеміз» дер еді. Мүшриктер пұттардың да Алладан күшті қырлары бар дейтін. Ондағы аяттарда мүшриктер: «Өліп, топырақ болып кетсек, қалай қайта тірілеміз?» деген. Сондықтан Рубубияны меңгерген деп айту мүлдем дұрыс емес. Алланың Жаратушы екендігіне сенген адам, қайта жарататынына сенбей қала ма? Яғни, Алланың құдіретіне күман келтіріп жатыр. Бір мүшрік Пайғамбарға келіп, сүйекті үгітіп тұрып,  «Міне осы күл болып кеткен сүйекті кім қайта тірілтеді?»деді. «Жаратушы тірілтеді дегенде, сенбеймін» деген. Қалайша мүшриктердің Рубубиясы дұрыс болады.Құранда  кейбір атеистер: «Өлеміз, тірілеміз. Бізді өлтіріп тірілтетін тек қана уақыттың өтуі» деді. Яғни «Алланың ешқандай қатынасы жоқ» деді.   Арабтарда мүшриктерден қалған: «Жатыр итеріп шығарып тастайды, жер жұтып алады» деген сөз болған. «Өмір деген — осы» дейді.  Құранда: « Біз әлгі пұттарға Аллаға жақындату үшін табынамыз дегенде, ұлықтаймыз, басқа қыламыз деп тұрған жоқ, табынамыз» деп тұр. Құрандағы және бір аятта: «Алла жалғаншыларды тура жолға бастамайды» дейді. Алла Тағала бекерден-бекер бұл аятты оларға түсіріп жатқан жоқ. Себебі «тек жақындату үшін» деген сөздері жалған болған соң аят түсіріп жатыр. Олардың жалғаншы екендіктерін әшкерелеп жатыр. Қазіргі күні мүшриктердің Рубубиясы дұрыс деп жүргендер, улухиядан ғана мұсылмандардан бөлінеді дегені Құранға да, хадиске де қайшы келеді. Құранда: «Олар өздерінің діни қызметкерлерін (поптарын , раввиндерін) Алладан бөлек Раббы тұтты»  дейді. (Тәубе сүресінің 31 аятында). Жалпы адамдардың Рубубияда серік қосуы, улухияда серік қосуға алып келеді. Себебі жақсылық , жамандық тек бір Алладан деп білсе ол адам басқа затқа мойын бұрмайды. Басқа затқа Алланың сипаттарын берген кезде ол оған құлшылығын арнайды. Біреу тасқа табынып будданы Құдай жасап жатқан кезде, жынды болмаса оның белгілі бір сенімі бар. Яғни содан бір пайда күтеді. Содан бір зиян күтеді. Аллаға тән  болған сипатты тасқа беріп жатыр. Бекерден-бекер табынып жатқан жоқ. «Алла көреді, естиді. Бірақ ғылым сипаты жоқ» десе дұрыс болмайды ғой. Кейбіреулер: «Рубубия, Улухия, әсмә уа сифат деп бөледі де, Рубубияны мүшриктер мойындады» дейді. Рубубиясы бар деген кісі Құранға қарсы шығып жатыр. Тәлбиясының өзінде «Сенің серігің бар» деп жатыр. Сенің серігің жоқ, тек қана мынандай-мынандай пұттардан басқа деп жатыр. Һұд (а.с.) қауымы да перғауынның сиқыршылары да Раббыларына иманды онан бұрын келтірмеген. Сол үшін де әлемдердің Раббысына иман келтірдік деп жатыр. Ал енді тағылым үшін, үйрету үшін біз Алла Тағаланы ісінде, сипаттарында жалғыз деп білуіміз керек. Алла Тағаланы Жаратушы, Өлтіруші, Тірілтуші , Рызық беруші, пайда, зиян беруші жалғыз өзі деп білуіміз керек. Және Рубубиясында Алланы жалғыз деп білуіміз керек. Енді сонымен бірге құлшылығымызды Аллаға арнауымыз керек. Және Алла Тағаланың сипаттарында бөліп жатса онда проблема жоқ. Ал енді алып келіп өздерінің келіспеген мәселелерінде әшейін бір шүбә болатын болса адамды діннен шығаруға болмайды. Ал оларға әһлу сунна ғалымдары «Міне аятым, міне хадисім, міне ғұламалардың сөздері» деп тұрған мәселелерде келіспестен «Жоқ» деп, «Сен бәрібір ширк жасап жатсың»  деп, оған  бағанағы мүшриктердің үкімін қолдану дұрыс емес. Тіпті кейбір кітаптарда: «Бұрынғы мүшриктер, қазіргі мүшриктерден абзал» дейді. Бірақ тарихтағы кейбір соғыстарда бір-бірін «мүшриктер», «харижидтер» деп жүрген екі топ соғысып жатқанда екі жақ та қатар, бір мезетте азан шақырып, намаз оқыған кездер болған. Бөліну көп болған. Бұл жерде иман мәселесіне байланысты бөлінуді айтып жатырмыз. Таухидті үшке бөлу сүннет емес. Алланы махлуққа ұқсатып, сосын оған табынады.

Ұқсату екі түрлі болады. Алланы жаратылысқа ұқсату, жаратылысты Аллаға ұқсату. Алланы жаратылысқа ұқсату – ислам тарихындағы мүшаббиһтер. Бұл христиан мен еврейлерден бізге өткен ауру. Имам Шахристани (р.а.) өзінің кітабында тәшбиһ ауруы біздерге еврейлерден өткендігін айтады. Бірінші бетіне кітаптарының адамды өздерімізге ұқсатып жаратайық деп жазды. Одан кейін Алла Тағала жәннаттың ішінде қыдырып жүреді. Жаңбыр жаудырады да , оны тоқтатуға ұмытып  кетеді. Жер бетіне түседі. Ибраһимге (а.с.) қонаққа барғанда Ибраһим (а.с.) бұзауды сойып дайындағанда үшеу болады. Жалпы еврейлердің кітабында Құдай  барбекьюдің иісін жақсы көріп, кітаптарының барлық жерінде соны істеңдер, сол асты пісіріңдер деп тапсырыс  беріп жатады. Ибраһим (а.с.) сол нәрсені пісіреді.  Екі періштемен бірге жеп алады. Үшіншісі Құдай.

Жақып (а.с. ) пайғамбармен таң атқанша күресіп шығады. Соңында Жақып (а.с.) жеңеді. Жеңген кезде, Құдай: « Болдым енді, жеңілдім» деген кезде Жақып (а.с. ): «Жоқ маған (блогословение) бата жаса» дейді. Яғни бата бер дейді.

Христиандар: «Құдайдың табиғаты мен адамның табиғаты бірікті. Исада  (а.с.) екі табиғат болды» дейді. Біріншісі құдайдың табиғаты. Екіншісі адамның табиғаты. «Иса (а.с.) мен анасы тамақ жеп отырған еді» деп келеді кітаптарында . «Тамақ жеген кісі әжетін өтейді. Бұл жерде адамдық табиғаты. Ағашқа кергенде адамдық табиғаты өлді десе, екінші біреулері Құдайдың баласы бәрібір өлген жоқ қой» деген арғы жағында өздерінің тартыстары бар.

Тирмизи (р.а.) және басқалардан келген хадистерде : «Сендер алдыңғылардың артынан ересіңдер деді.Әрбір қадамдарына қадамдарыңды қойып, бір қадам жүрсе бір қадам жүріп, солардың арттарынан ересіңдер. Кесірткенің ініне кірсе, бірге кіресіңдер» деді. Себебі фатиханың соңғы аятындағы — оларға ергендерге де болады. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) біздерді сақтандырып жатыр. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі: «Сіздердің араларыңнан еврей мен христианға ұқсағандар шығады» деп жатыр. Бірақ еш нәрсе Алланы әлсірете алмайды. Алла Тағаладан басқа құлшылыққа лайық еш нәрсе жоқ. Раббы сөзін иләһтің орынына пайдалануға болады. Құранда бұл екі сөз бір-бірін айырбастап тұр. «Лә Раббә иллаллаһ»  десе де болады. Бұған қарсы болған адамдардың өздерінікі дұрыс емес.

Демек, Алланы танығаннан кейін құлшылық басталады. Алла тағала Зарият сүресінің 56 аятында: «Жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» деген. Бұл аятта жындар адамдардан бұрын айтылып тұр.

Шынымен де жындар адамдардан бұрын жаратылып, құлшылыққа да ерте бас қойған. Тіпті бұл жер бетінде жындар сәжде етпеген жер де қалмағандығы туралы белгілі. Бірақ тақуалықтары уақытша болғандықтан жолдан тайғандары шайтан болып, Алланың қаһарына ұшырады. Демек құлшылықтың құндылығы Алланың рақымына апаратынына осыдан көз жеткізсек болады. Алланы танып, кішіпейілділік көрсетіп басымызды сәждеге жығайық, о дүниеміз де берекелі болсын!

Мұратбек ЖАХАТОВ,   

Асан ауылдық мешітінің бас имамы