Slider

Намаз көріністері жайлы хадистер 3

Содан кейін Фатиха сүресі мен оған қосымша бір сүре немесе қалаған сүренің үш аятын оқитын еді

عن أبي هريرة لا صلاة إلا بقراء

1. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Қырағатсыз намаз жоқ». Муслим риуаяты 1/170.

Намазда Құран аяттары оқылмаса, жасалған құлшылықтың дұрыс болмайтынына жоғарыдағы хадис дәлел болады. Себебі намаздағы қырағат Алла тағаланың мына сөзімен парыз етілген:

فَاقْرَءُوا مَا تَيَسَّرَ مِنَ الْقُرْآنِ                        

«Ендеше Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар». Музаммил, 20.

Осы аятқа сүйене отырып, Әбу Ханифа рахматуллаһи алейһи парыз қырағаттың ең  аз мөлшері – алты әріптен тұратын бір аят екендігін айтқан. Мысалы: « ثمّ نظر » (Муддассир, 21).

Әбу Юсуф пен Мухаммедтің (рахматуллаһи алейһума) көзқарасы бойынша – үш қысқа аят не сол үш қысқа аятқа тең келетін бір ұзын аят.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، عَنِ النّبِيّ صلى الله عليه وسلم قَالَ: «مَنْ صَلّى صَلاَةً لَمْ يَقْرَأْ فِيهَا بِأُمّ الْقُرْآنِ فَهِيَ خِدَاجٌ» ثَلاَثاً، غَيْرُ تَمَام

2. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам: «Кімде-кім намазда «Уммул Құранды» (Фатиха сүресін) оқымаса, ол (намаз) кәміл емес»,-деп үш рет айтты да: «Толық емес»,-деді. Муслим риуаяты 1/169.

Осы хадис шәріп Фатихасыз намаз кәміл болмайтынына дәлел болады. «Хидаждың» мағынасы кемшілікті дегені, бірақ ол намаз өтелмеді дегені емес. Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам «толық емес» деп айтқан, яғни бұл намаздың кәмілдігіне нұқсан жеткенін білдіреді. Олай болса, Фатиха сүресі намаздың рүкіні емес, ол оқылмаса да, намаз өтелген болып саналады. Фатиха сүресін оқу – уәжіп, егер ұмытып қалдырып кетсе, сәһу сәжде уәжіп болады. Ал әдейі оқымаса, намаз кемшілікті болады да намазды қайта өтеу керек. Қайта оқымаса күнәһар болады, бірақ парыз өтелген болып санала береді.

 عَنْ أَبِي سَعِيدٍ ، رَضِيَ الله عَنْهُ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ الله صَلَّى الله عَلَيه وسَلَّم لاَ تُجْزِئُ صَلاَةٌ لاَ يُقْرَأُ فِيهَا بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ

3. Әбу Сағид (р.а.)-дан риуаят етіледі: «Кітаптағы Фатиха сүресі оқылмаған намаз дұрыс болмайды»,-деді. Ибн Хузайма «Сахихында» келтірген. 1/248.

«Фатиха сүресін оқу – парыз» дейтіндер осы хадисті дәлел ретінде алады. Олар: «Хадистің мағынасы – Фатихасыз намаз дұрыс болмайды дегенді білдіреді. Бір нәрсенің бар болуы үшін не нәрсе тірек болса, ол сол нәрсенің парызы болып саналады»,-дейді.

Бұған былай жауап береміз:

Фатиха сүресін оқу парыз екеніне бұл хадисті дәлел ретінде келтіру дұрыс емес. Біз Фатихасыз намаз толық болмайды деп айтамыз, яғни намаз кәміл түрде қабыл болмайды, яғни намаздың толық сауабын ала алмайды.

رواه الإمام أحمد  «فيها بأم القرآن  لا تقبل صلاة لا يقرأ»

Біздің осы сөзімізді Имам Ахмедтің (рахматуллаһи алейһи) мына мағынада келтірген риуаяты қуаттайды: «Уммул Құран оқылмаған намаз қабыл етілмейді».

Негізінде «қабыл етілмейді» дегеннен намаз қабыл болмайды емес, керісінше кәміл түрде қабыл етілмейді деген сөз шығады.

Кімде-кім Фатиха оқылмаған намаз бұзылады деп айтса, оған осы нәрсені баяндау уәжіп болады. Намаздың толық болмауы  «нұқсан болуы» деп түсіндіріледі.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ دَخَلَ الْمَسْجِدَ فَدَخَلَ رَجُلٌ فَصَلَّى فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَرَدَّ وَقَالَ ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ فَرَجَعَ يُصَلِّي كَمَا صَلَّى ثُمَّ جَاءَ فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ ثَلَاثًا فَقَالَ وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ مَا أُحْسِنُ غَيْرَهُ فَعَلِّمْنِي فَقَالَ إِذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلَاةِ فَكَبِّرْ ثُمَّ اقْرَأْ مَا تَيَسَّرَ مَعَكَ مِنْ الْقُرْآنِ ثُمَّ ارْكَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ رَاكِعًا ثُمَّ ارْفَعْ حَتَّى تَعْتَدِلَ قَائِمًا ثُمَّ اسْجُدْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ سَاجِدًا ثُمَّ ارْفَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ جَالِسًا وَافْعَلْ ذَلِكَ فِي صَلَاتِكَ كُلِّهَا

4. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Бірде бір кісі мешітке кіріп намаз оқыды. Кейін келіпПайғамбарымызға саллаллаһу алейһи уа саллам сәлем бердіПайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа салламоның сәлеміне жауап берді де оған: «Барып, намазыңды қайтадан оқы, сен намаз оқымадың»,-деді. Әлгі кісі барып, әдетіндегідей намазын оқыды. Сосын  Пайғамбарымызға саллаллаһу алейһи уа саллам сәлем берді. Пайғамбар саллаллаһу алейһи уа саллам  оған: «Барып намазыңды қайтадан оқы, сен намаз оқымадың»,-деп үш рет қайтарып жіберді. Сонда әлгі кісі: «Сені ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етейін, бұдан артық көркем түрде оқи алмаймын, маған үйретіңіз»,-деді. Пайғамбар саллаллаһу алейһи уа саллам оған былай деді: «Намазға тұрған кезіңде («Аллаху акбар» деп) тәкбір айт. Кейін Құраннан жеңіл келген сүрені оқыСодан кейін толық түрде рукуғ қыл, рукуғтан көтеріліп, тік тұр. Сосын толық түрде сәжде ет. Сәждеде орнықты отыр. Осыны барлық намаздарыңда орында». Имам Бұхари «Сахихында»  (1/184) «Қырағаттың уәжіп екендігі» жайлы бапта келтірген.

Бұл хадис Фатиха сүресі намаздың рүкіні еместігін білдіреді. Хадисте айтылғандай, егер кісіге Фатихадан басқа сүрені оқу жеңіл болса, сол сүрені оқу арқылы намазы өтелген болады.

Бұл хадисті мужмал дегендер де бар. Негізінде бұл мужмал хадис емес, мужмал деп – не мақсат етілгені анық емес хадиске айтылады. Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уа саллам «Құраннан жеңіл келген  сүрені оқы» деуі, намаз оқитын кісінің таңдауында екенін ашық-айдын білдіріп тұр.

رفاعة بن رافع ثم اقرأ إن كان معك قرآن فإن لم يكن معك قرآن فاحمد الله وكبر وهلل

Руфаға ибн Рафиғтің хадисінде Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам: «Егер Құраннан жаттағаның болса, соны оқы. Егер жаттамаған болсаң, Аллаға мақтау, ұлықтау және таһлил (ләә иләһә иллаллаһ) айт»,-деді.

كذا في رواية الطحاوي وفي رواية الترمذي رَسُولَ اللَّهِ -صلى الله عليه وسلم فإن كان معك قرآن فإقرأ وإلا فاحمد الله وكبره وهلله

Сондай-ақ бұл Тахауидың риуаятында да келген. Термизидің риуаятында Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам: «Егер сенде Құран болса, оны оқы. (Жаттамаған болсаң) Аллаға мақтау, ұлықтау, таһлил айт»,-деді.

Олай болса Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уа саллам «Құраннан жеңіл келгенін оқы» сөзі Фатиха сүресін білдірмейді. Себебі хадис мағынасы Фатиха сүресімен қоса басқа да сүрелерді қамтиды. Ал кісіге жеңіл келу жағынан қарайтын болсақ, Кәусар сүресі – Фатихадан жеңіл әрі оңай. Солай екен, Фатиханы ең жеңілі деу қисынсыз.

Фатиханы намаздың рүкіні дейтіндер Имам Бұхаридың «Сахихында» келген Убада ибн Саммит (р.а.)-дан марфуғ түрде риуаят етілген хадисін дәлел етеді. Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам: لا صلاة لمن لم يقرأ بفاتحة الكتاب  «Фатихасыз намаз жоқ»,-деді. 1/184, «Қырағаттың уәжіп екендігі» жайлы бап.

Бұған былай жауап береміз:

Бұл хадис – ахад хабар, бұл Алла тағаланың «Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар» аятының жалпылығын жалқылай алмайды. Бұл усул ережелеріне сай келмейді. Себебі аят – кескін дәлел, зонни (мутауатир дәрежесіне жетпеген ахад жолмен жеткен) дәлел оның үкімін жоққа шығара алмайды.

Аяттың мағынасы – (المطلق) жалпы, онда Фатиха не басқа сүреге қатысты екені нақты айтылмаған. Зонни хадис аяттағы жалпы мағынаны шектей алмайды. Аяттың мағынасын ахад жолмен жеткен хадиспен шектеу – аятты насх ету (аяттың үкімін жою) болып саналады.

Осыған байланысты намаздағы парыз қырағаттың ең кемі – толық бір аят екені аяттың жалпылығымен анықталған. Фатиха сүресі мен қосымша сүрені оқудың уәжіп екендігі хадиспен білдірілген. Егер Фатиханы оқу – парыз емес десек, екі дәлелге де амал еткен боламыз. Егер бір кісі «Фатиха сүресін оқу – парыз» десе, ол аяттың жалпы мағынада айтылғанын тәрк етіп, тек сүннетпен анықталған хабарға ғана амал еткен болады.

Егер «Аятқа мәшһүр хадиспен қосымша мағына үстей аламыз, бұл хадис, Имам Бұхари айтқанындай, мәшһүр хадис» десе, бұған былайша жауап береміз:

Бұл мәшһүр хадис емес. Себебі мәшһүр хадис табиғиндер бір ауыздан қабыл еткен хадис болып саналады. Бұл мәселе бойынша табиғиндер арасында әртүрлі көзқарастар бар. Бадриддин Айни рахматуллаһи алейһи «Умдатул-Қарида»  (2/65) былай деген: «Егер бұл хадисті мәшһүр деп әрі осы хадис аятқа қосымша мағына беріп тұр деген сөзді қабыл етсек те, мәшһүр хадис мухкам (нақты, тек бір мағынаны білдіретін) болуы шарт. Бірақ хадистің мағынасы нақты болмай, әртүрлі мағынаны білдірсе, оны аятқа қосымша мағына беретін дәлел ретінде қабылдай алмаймыз. Ал бұл – әр түрлі мағына түсінуге болатын хадис. Бұған ұқсас хадистер «толық болмайды» деген мағынаны білдіреді.

Мына хадис бұған мысал бола алады:

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ -صلى الله عليه وسلم- قَالَ :« لاَ صَلاَةَ لِجَارِ الْمَسْجِدِ إِلاَّ فِى الْمَسْجِدِ

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам былай деген: «Мешіттің көршісінің намазы мешіттен басқа жерде намаз емес». Басқа бір хадисте:

لا صلاة للعبد الآبق حتى يرجع

«Қашқан құл қайтпағанынша (намазы) намаз емес»,-дейді.

لا وضوء لمن لم يسمّ

Тағы бір жерде: «Бәсмаланы айтпаған кісінің дәреті жоқ»,-дейді. Осы секілді хадистерде амалдың дұрыс болмауы емес, оның кәміл еместігі (сауабы аз болатыны) мақсат етілген.

           Имамға ұйыған кісі қырағат етпейді. Имамның қырағаты оған жеткілікті болады:

عن ابن عباس قال: صلّى النبي صلى الله عليه وسلم  فقرأ خلفه قومٌ ، فنزلت : وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنْصِتُوا              رواه الطبري في تفسيره (9\162)

1. Ибн Аббастан риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз оқығанда жамағат та бірге қырағат жасады, артынша осы аят түсті: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер». Ағраф, 204. Әт-Табари тәпсірінде келген.

لما روي عن جابر عن النبي صلى الله عليه و سلم قال:» من صلى خلف الإمام فإن قراءة الإمام له قراءة» . أخرجه ابن ماجه

2. «Жәбир ибн Абдуллаһтан риуаят етіледі: Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам айтты: «Кім имамның артында намаз оқыса имамның қырағаты оған жеткілікті болады». Ибн Мажа.

لما روي عن أبي هريرة قال : قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : إنما جعل الإمام ليؤتم به، فإذا كبّر فكبروا، وإذا قرأ

فأنصتوا. أخرجه مسلم ( 1\ 304)

3. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі:  Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам былай деді: «Имам ұю үшін тағайындалған, егер имам тәкбір айтса, сендер де тәкбір айтыңдар, Құран оқыса, үнсіз тұрыңдар».

لما روي عطاء بن يسار أنه أخبره أنه سأل زيد بن ثابت عن القراءة مع الإمام ؟ فقال: لا قراءة مع الإمام في شيء . أخرجه مسلم (1\406)

4. Ато ибн Ясир хабар берді: ол Зәйд ибн Сәбиттен имаммен бірге қырағат ету жайында сұрады. Ол айтты: «Имамға ұйыған кезде қырағат етілмейді». Муслим риуаяты.

لما روي عن نافع عن ابن عمر، قال : إذا صلّى أحدكم خلف الإمام ، فحسبه قراءة الإمام ، و إذا صلّى وحده فليقرأ، قال : وكان عبد الله بن عمر لا يقرأ خلف الإمام . رواه مالك (1\86)

5. Нафиғ Ибн Омардан жеткізген: «Сендердің біреулердің имамға ұйысаңдар, имамның қырағаты оған жеткілікті болады. Егер жалғыз оқысаңдар, қырағат етіңдер. Себебі Абдулла ибн Омар имамға ұйығанда қырағат етпеген болатын»,-деді. Имам Мәлік.

لما روي عن عبد الله بن مسعود قال: ليت الذي يقرأ خلف الإمام ملئ فوه تراباً. رواه الطحاوي في شرح معاني الآثر (1\219)

6. Ибн Масғұдтан риуаят етіледі: «Кәні еді, имамға ұйыған кісі қырағат еткенде аузы топыраққа толғанда!» Тахауи «Мағани асардың» шархында келтірген.

لما  روي عن موسى بن عقبة أنّ رسول الله صلى الله عليه وسلم و أبا بكر، وعمر، و عثمان كانوا ينهون عن القراءة خلف الإمام . رواه عبد الرزاق (2\139)

7. Мұса ибн Ұқбадан риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір, Омар, Осман радиаллаһу анһум имамға ұйыған кісінің қырағат етуінен қайтаратын».

Абышев Әскен