Біз «соңғы күндерде» өмір сүріп жатырмыз, немесе «Ақырзаманның кей белгілері болып жатыр» деген сөздерді жиі-жиі естіп келеміз. Осыған орай, біздерге, мұсылман ретінде иманның міндетті шарттарының бірі болған Ақырзаманның белгілерін дұрыс түсіну үшін, қайнар көздеріміз — Құран мен Сүннетке жүгінуіміз өте маңызды болып табылады.
Azan.kz сайтындағы бауырларымыз осы белгілерді талқылайтын кіші-кірім мақалалар топтамасының қазақ тіліндегі аудармаларын ұсынып отыр. Осы мақалалар мұсылмандарға пайдалы болады деп үміттеніп, Алладан баршамызға осындай қиын-қыстау заманда жәрдемін беріп, қолдауын сұраймыз.