Slider

ИБН ТӘЙМИЯ МЕН ШӘКІРТІНІҢ СОПЫЛЫҒЫ

Шейх Юсуф әл-Қардауи айтты:

"Кейбір сәләфи бауырларымыз сопылық ілімді Исламға сырттан енген бөтен ілім ретінде есептеп, сол жолды ұстанушыларды "бидғатшы", "дін бұзушы" деп айыптауда. Бұнын айқын көрінісі Шейх Мухаммад әл-Фиқидің Ибн Қайим әл-Жәузиянің "Мәдәриж әс-сәликин" атты еңбегіне жасаған тағлиқатында көрсетілген. Өздерін "Сәләфия" ағымының ізбасарлары ретінде есептейтін бауырлар сопылық ілімнің өткен және қазіргі өкілдеріне өтірікпен лаулаған тілдерін қылыштай сермеп, оларға жала жабуды тоқтатар емес. Алайда, сәләфилердің жапқан жаласы еш пайдасыз, әрі ақиқаттан алыс.

Бір қызығы, сол бауырлар өздерін Ибн Тәймия мен Ибн Қайимнің ізбасушылары ретінде көреді. Дегенмен, аталмыш екі ғалым ғылыммен де, амалмен де шынайы сопы ғалымдардың қатарынан болған. Ғылыми тараптан қарар болсақ, Ибн Тәймияның "Пәтуалар жинағының" екі томы сопылық ілімге арналған. Одан бөлек бұл салада өзге де шағын кітапшаларды да жазып шыққан. Ибн Қайим сопылық ілімге қатысты біраз қалам тербегені ақиқат. "Тариқуль һижратәйн", "Иддәту сабирин", "Раудатуль мухиббин"сынды еңбектері, сонымен қатар, ең ауқымды кітабы "Мадариж әс-сәликин" нағыз сопылық кітаптардың қатарына жатады".

(Хаяту раббания уәль ильм, 22 бет)