Slider

Исламдағы бала тәрбиесінің 7 әдісі

 

 

Мұсылмандар бала тәрбиесіне қатысты дұрыс әдіс — тәсіл іздеп, батыс авторларының кітаптарын ақтара отырып, Алла Тағаланың негіздеп қойған мінсіз әдісі бар екенін жиі ұмытып жатады. Қазіргі таңда исламдық тәрбиенің көптеген артықшылықтары, соның ішінде тек өзіне ғана тән ізгі қасиеттер бар екендігінін көптеген ғалымдар мен ғылымдардың көзі жетуде. Жалпы Құранда:«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңізді және отбасыларыңызды отты жағушы адамдар мен тастар болатын оттан сақтаңыздар…»,-деп, отбасы мүшелерін дұрыс жолға салып, тәлім тәрбие беру әр адамға міндет екендігі меңзелуде. Бірақ бұл күнделікті өмірдегі іс -әрекеттерді жоққа шығармайды, керісінше дүниелік және ақыреттік табысқа жетуді көрсетеді, ал бұл өз кезегінде рухани, физикалық, психологиялық, интелектуалды тәрбиелердің негізгі бастауларын күшейтеді. Исламда балаға дұрыс тәрбие беру ата-ананың міндеті және оған дәлел Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына бір хадисі: «Сендердің әрқайсысың бақташысыңдар, әр қайсысың өз отарыңа жауаптысыңдар.Имам бақташы және өз отарына жауапты, ал ер адам өз отбасына бағушы және өз отарына жауапты…».Сондай-ақ ол (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден қымбат нәрсе бере алмайды», — деген.Имам Ахмад ибн Ханбал сияқты ислам ғұламалары бала тәрбиесін жеті құрамдас бөлікке бөлген. Олар:

  1. Діни тәрбие. Бұл тәрбие бөліміне баланың бойында исламдық сананы қалыптастыратын және Алладан қорқатын нәрселердің барлығы кіреді. Көптеген адамдар балалардың дін туралы айтуына әлі ерте, ол үшін кәмелеттік жасқа жетуі керек деп санайды. Бірақ ислам бойынша олай емес. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) балаларға салмақты өсиет айтқан және бұған дәлел Пайғамбардың өте жас сахаба Ибн Аббасқа нұсқау бергені болып табылады. Пайғамбарымыз балаларды жиі атқа не түйеге мінгізетін және бұл ілімді Ибн Аббас ат үстінде алған. Ол (с.ғ.с) оған: «Ей, бала, мен саған пайдасын тигізетін сөздерді үйретейін бе?», — деді де, сөзін жалғастырды: «Алланы еске ал, сонда Ол сені сақтайды. Алланы еске ал, сонда сен Оны алдыңнан табасың. Жақсылықта Алланы еске ал, қиыншылықта Ол сені қолдайды. Бір нәрсе сұрағың келсе, Алладан сұра, көмек сұрағың келсе Аллаға жүгін. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) балаларды жеті жастан бастап парыз намаз оқуды үйретіп, он жасында бас тартқандары үшін ұруды бұйырған. Ислам ғұламалары ұру балаларды қинау, оларды азаптау дегенді білдірмейтінін атай отыра, қорқыту үшін, мысалы, сиуак (тіс шұқығыш, ағаш бұтағы) немесе жұқа таяқшаны пайдалануды ұсынды. Себебі Пайғамбарымыз өз үйіндегілердің ешқайсысына қол көтермегені белгілі.
  2. Құран мен сүннет аясындағы адамгершілік тәрбиесі (адаб). Омеяд халифасы Абдул-Мәлик ибн Маруан ұлының ұстазына былай деп тапсырма берген: «Оларға Құран үйреткендей шыншылдықты да үйрет, жақсы ахлаққа шақыр, өлең оқытып, жігерлендір. Оларды ғалымдармен бірге отырғыз, расында олар тақуалық пен ахлақтағы ең жақсы адамдар. Оларды арам адамдар мен құлдардан сақта, расында олар тақуалық пен ахлақ жағынан ең нашар адамдар.Оларға тістерін сивакпен тазалауды бұйыр, олар суды кішкене жұтыммен ішсін.Оларды көпшілік алдында сыйлап, оңаша жерде қателіктерін айт.Өтірік айтқандары үшін ұр, себебі өтірік азғындыққа, азғындық отқа апарады.Адамның ар-намысына кір келтірмеуді ескерт, себебі ол азат адамның намысын алмастыра алмайды.Оларды отбасылық қарым-қатынасты сақтауға шақыр.Жігіт үшін асыл тұқымнан гөрі жақсы бала өсіру маңыздырақ екенін біл». Исламдық адаб дегеніміз – шариғат бойынша мінез-құлық нормалары мен моральдық қағидалар.Мұхаммед пайғамбар: «Расында, мен адамгершілік қасиеттерді жетілдіру үшін жіберілдім», – деген.Тектілік, жанашырлық, мейірімділік, әділдік – мұның бәрі пайғамбарға тән еді және бұл қасиеттерді сөйлеу немесе қозғалу қабілеті сияқты балалардың табиғатының табиғи көрінісі болуы үшін олардың бойына сіңіру керек.
  3. Дене шынықтыру тәрбиесі Исламда балалардың физикалық дамуына көп көңіл бөлінеді.Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүмінді Аллаға құлшылық етуден алшақтататын кез келген әрекет уақытты босқа кетіру болып табылады, тек төрт нәрседен басқа, олар: нысанаға садақ ату, атқа міну, отбасымен ойнау және жүзуді үйрену» деген. Сондай-ақ Пайғамбардың сахабаларымен жеке шайқасқа шыққаны белгілі және бұл денені шыңықтыру мақсатында екендігін дәйектей аламыз. Әділетті халифа Омар ибн әл-Хаттаб Ислам халифатының барлық қалаларының билеушілеріне: «Балаларыңа суда жүзуді, атқа мінуді, мақал-мәтелге айналған нәрселерді және жақсы өлеңдерді үйретіңдер», — деп бұйырған. Осыны негізге ала отырып, Ислам діні балаларды осы спорт түрлеріне үйретуге шақырады.
  4. Интеллектуалды (білім беру) тәрбие. Балалардың оқу мәдениетін, білімге деген қызығушылығын ояту керектігі аян. Исламда діни білімнің маңызы зор, бірақ зайырлы ғылымдарға тәрбиелеу де маңызды. Мүмін үшін ең маңызды білім – Құран білімі. Пайғамбарымыз балаларына қасиетті кітапты оқуды үйретуге шақырады. Әйгілі ғұлама Хафиз Ибн Касир былай деген: «Кейбір Саләф салихтер баланың Құран оқуға деген ынтасын бағыттау үшін оны балалық шағында біраз уақыт ойнауға қалдыруды жөн санады. Өйткені, егер сіз оны алдымен оқуға міндеттесеңіз, кейін ол ойынға бейім болуы мүмкін. Ал кейбір сәләфтар бала Құранды әлі түсінбесе, оны үйретуді қалаусыз деп санайды.
  5. Рух тәрбиесі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жанмен күресуді ең жақсы күрес деп атаған.Балаларды жастайынан ұтқырлыққа, еңбексүйгіштікке баулу керек. Дұрыс тәрбиелік көзқарас болашақта балаларды жалқаулық, қорқақтық, сараңдық, қатыгездік сияқты қасиеттерден сақтайды.
  6. Қоғамдық орында өзін қалай ұстау керектігі туралы тәрбие. Ересектер балаларға өздерінің құрдастарынын алдында, ересектер алдында өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіру аса маңызды. Жалпы, бала қоғамдық орында өзін ислам жамағатының мүшесі ретінде танытуы керек, ол туралы Пайғамбарымыз бұл бір дене сияқты екенін айтқан. Бір күні Алла Елшісіне (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны көргісі келген бір қарт келеді. Отырғандар оған жол ашуға асықпады және Алла Елшісі: «кішіге рақымсыз, үлкендерімізге құрмет көрсетпейтіндер бізден емес», — деді. Сонымен қатар ата-ана баланың қоршаған ортасына назар аударуы керек. Пайғамбарымыз: «Адам өзінің жақын досы сияқты дінді ұстанады. Ендеше, әрқайсысың кіммен дос екенін көрсін!
  7. Балалардың балиғатқа толғаннан кейінгі тәрбиесі. Балалар кәмелетке толған кезде ата-аналар оларға Ислам дінінің адам баласына не жүктеп жатқанын түсіндіруі керек. Ислам діні бойынша, балалар күнәсіз және Алла Тағала тарапынан ешбір қателік үшін сұрақ қойылмайды, бірақ кәмелеттік жасқа жеткенде олар мұсылманның барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады. Мұндай кезеңде ата-аналар балаларын тақуалықта ұстау үшін барынша қырағы болуы керек. Оларға Аллаһ харам еткен нәрселердің барлығын жеткізу өте маңызды. Ата-ана, әсіресе әке, балаға қолдау көрсетуге міндетті. Пайғамбарымыз: «Балаларыңа жомарт болыңдар, оларды ең жақсы етіп тәрбиелеңдер», -деген. Ислам діні бойынша отбасының қажеттіліктеріне арналған қаражатты басқа мақсаттарға жұмсау күнә саналады. Балаларға жұмсақ және мейірімді қарым-қатынасқа ерекше назар аударылады. Ол балалардың қасынан өтіп бара жатып, үнемі оларға күлімдеп, амандасатын. Қызы Фатима келсе, Пайғамбарымыз орнынан тұрып сүйіп, жанына отырғызатын. Пайғамбарымыз Фатима туралы: «Расында, менің қызым менің бір бөлшегім, мен де оны ренжітетін нәрсеге ренжідім», — деді. Бірде Алла Елшісі немересі Хасанды бір кісінің көзінше сүйді, ол: «Расында, менің он ұлым бар, бірақ мен олардың ешқайсысын сүйген емеспін!» — деді. Бұған Пайғамбарымыз: «Өзгеге мейірім көрсетпегенге мейірім көрсетілмейді!» – деп жауап берді. Ол (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұл мен қыздың арасын ажыратпай, барлық балаға бірдей қарауға шақырды. Балалардың біріне көбірек сүйіспеншілік пен көңіл бөлуге, сондай-ақ біреуге көбірек сыйлық беруге тыйым салынады. Бірде бір адам баласымен бірге Пайғамбарымызға келіп: «Мен бұл ұлыма бағалы сыйлық бердім», — дейді. Сонда Алла Елшісі: «Ал сіз балаларыңыздың әрқайсысына осындай сыйлық бердіңіз бе?» — деп сұрады. Бұған адам: «Жоқ», — деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Алладан қорқыңдар және балаларыңа әділ болыңдар!», — деді. Баланы исламдық рухта дұрыс тәрбиелеу баланың өзіне ғана емес, ата-анасына да екі дүниеде де амандық әкеледі. Олар барлық еңбекқорлығы үшін, тіпті материалдық шығындары үшін де марапатталады. Балаға Құран үйретуге үлес қосқандар қиямет күні нұрға бөленеді, оған басқа адамдар қызғанышпен қарайды. Егер балалар ата-анасының күш-жігерін ақтап, олар қайтыс болғаннан кейін де салихалы болса, онда Пайғамбар олардың дұғасы олардың ақыреттегі жағдайын жақсартуға көмектесетінін айтты.

Бала тәрбиесі тек бір отбасының тәрбиесі емес, керісінше елдің, ұлттың, діннің, үмметтің тәрбиесі болғандықтан, әр мұсылман тәрбие беруді өз шаңырағынан бастаса, елін сүйер патриот, дініне берік шынайы мүмин  тәрбиеленері сөзсіз.

“Қазақстан адам ресурстары” ЖМ-нің теолог

маманы Адайхан Бағдат Қанатұлы