Slider

Досжан Қашақұлы кім?

Досжан Қашақұлы 1815-1890 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ ғалымы, діндар, ұстаз, хазрет, саясаткер, мешіт пен медресе салуға үлесін қосқан айтулы тұлға. Ол Ақтөбе облысы, Байғанын ауданы, Оймауыт ауылының тумасы. Кейбір деректерде Ойылдағы Шылысай елді мекенінде дүниеге келген деп көрсетілген. Досжан қажы кіші жүздің Жетіру — абыны, Шөмішкі тегінен. Хазретінің жеті атасы Қарақойлы-Ақжол-Қоңыр-Жалқара-Бекше-Баслан-Қошақ болған.

Сәбит Салқынұлы Досжан хазреттің 6 ұлы болғандығын атап көрсеткен. Олар Хабибулла, Саттарқұл, Абдолла, Әбиден, Сағиден, Аққұбаш және қызы Үммігүлсім.

Өтеген Қожахметұлының сөзі бойынша, хазреттің 200 ден астам ұрпағы Ақтөбе, Маңғыстау, Қарақалпақ елді мекендерінде өмір сүріп жатыр.

«Досжан Қашақұлы кім? Қазақ еліне қандай үлесін қосты?» деген сұрақтарға жауап іздер болсақ өкінішке орай, біз ол туралы тек Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана біле бастадық. Тарихи фактілер Абайдың әкесі Құнанбаймен бірге Меккеде үй салдырғандығын растайды. Алайда қазіргі таңда бұл еңбек тек Құнанбайдың есімімен ғана шектелуде, ал Досжан туралы сөз қозғалмайды. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің “Қазақ шежіресі” атты еңбегінде былай дейді: “Бір топ Қазақ азаматтары 1958 жылы Меккеде қажылық парызын өтеді. Құнанбай 20 адамды құрайтын Орта жүз өкілдеріне көшбастап жүрсе, Кіші жүзден 100 адам қажылық жасады, олардың ішінде Нүрпейіс пен Досжан болатын. Сол кезде бірге қажылық жасаған Өтеген Қожахметұлының естеліктерінен Досжан өз жерлестерімен бірінші қажылық жасау кезінде және Меккеге жеткен уақытта көптеген қиыншылықтарды басынан өткізді. Меккеге келген қазақтар қиналмауы үшін Досжан Құнанбаймен ақылдасып, Мекке төңірегіне үй салуға ұйғарады. Сондай-ақ Құнанбай естелігінен Досжан хазреті өзінің керемет қырларымен Меккеде жүргенімізде танылды және соңымен қатар ақшалай көмек көрсетті, кіші жүз жерлестері де сол істі жалғастырды. Кейін бұл мәселе жергілікті билікке жетіп, қазақтардың өтініші бір ғана жағдайда, егер белгілі бір жылдар аралығында қазақтар мұсылман болып саналған болса ғана құпталатын болды. Келісе келе қажылар бұл жауапты іске Досжан хазретті тағайындап, оның жан-жақты білімі бар екендігін, елдер арасындағы қарым-қатынасқа бейім, жауапты адам екендігін алға тартты. Үлкен жауапкершілігі бар істі Досжан Қазан қаласындағы қазақтын мұсылман екендігін дәлелдейтін құжаттарды табу арқылы өз мәресіне жеткізген болатын. Кейін Бұхараға құжатты көшірмелеу үшін барады. Жүсіп Көпеевтің зерттеулері бойынша, Досжан қажы кезекті құжаттарды Бағдат басшасы Дастанға жіберіп отырған. Осы негізде XIX ғасырда Мекке елді мекенінде қазақтардың салуымен 4 үй тіркелді. Ал XX ғасыр басында үй саны ол алтыға толықты. Үйлер қазақы архитектураға сайма-сай, киіз үй іспеттес салынған.

Сол дәуірде қажылық жасау бүгінгідей оңайға түскен жоқ. Оларға біресе түйеге мініп, біресе теңізден өтуге тура келді. Жолдың қиындығына байланысты қажылар орта жолда ауруға шалдығып, елден жырақ жаназасы оқылып, жерленіп жатты. Әсіресе көшпелі қазақ үшін теңіз сапары ауыр болды және осы себептен теңіз ауруына шалдықты. Хазіреті Досжан өзінің бірінші қажылығын 16 жасында, 1831 жылы өтеді. Соңымен қатар тағы бір жыл Меккеде қалып, ілім үйренді. Ең жас “Хазреті” атағын алды.

Елге оралған соң Ақтөбе мен Маңғыстау шекарасы маңында бұрынғы Сам атты құмды Шиелі өзені орналасқан Қарашын елді мекенінде алғашқы мешіт-медресені тұрғызады және сол жерде ілім үйретіп, дінді таратады.

Досжан қажы екінші қажылығын 1870-1874 жылдары, ал үшінші қажылығын 1880 жылы қартайған шағында өтеген. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің “Түрік, Қазақ-Қырғыз хандарының шежіресі” атты еңбегінде: «Қазақ қажылары 1872 жылы Меккеде үй тұрғызды. 1905-1906 жыл аралығында қажылық парызын өтегенімде сол үйді көрдім. Ол кіші жүзден шыққан қажы Досжан хазретінің атына тіркелген еді» деген.

Жазушы Ғалым Ахметов былай дейді: «Хазрет өзінің бақшасында жеміс беретін теректер отырғызды. Орыс саяхатшысы Рыбановтың айтуынша, оның өсірген жеміс- жидектерін Орынбор саудагерлері  мөшектеп сатып алатын. Досжан жемістерінің бір бөлігін әрдайым мешіт-медресе құрылысына, жетім-жесірлерге, балаларды мешіт-медреселерде оқытып жатырған муридтерге үлестіріп беретін»

Өмірінің соңғы сәттерінде Досжан қажы Қазақ даласында муфтият ашу туралы Кеңес үкіметіне тікелей жат жазып жүрді.  Оның қазақ тілі, ұлт бірлестігі, шекара, шекараны анықтау сынды кең ауқымды еңбектері көп. Өзінен кейін көптеген шәкірттер тәрбиелеп, қазақ даласында өзінің өшпес ізін қалдырды. “Болар бала он бесінде баспын дейді, болмас адам отызында жаспын дейді” деп ата-бабамыз айтып кеткендей, жастығына қарамай еліміздің болашағы үшін тер төккен Досжан сияқты азаматтарымыз әрдайым мақтауға тұрарлық .

Айзада АХТАНОВА,

«Жас өрен» ЖҚБ-нің теологы,

Орал қаласы