Орал қаласында бірнеше мешіттер болған. Солардың бірі -Орал қалалық мұсылмандар мешіті. Шығыс сәулетімен салынған мұсылмандардың діни ғимарат құрылысы дәстүрлі үлгі – тік төрбұрышты жоба бойынша салынған. Яғни, бұл мешіт жобасы татардың сәулет үлгісімен салынған. Себебі мешіттің күмбезі жоқ және бір мұнаралы, михрабы шығыңқы болып келеді. Қабырғалары бір метрлік қалыңдықта қызыл кірпіштен қаланған. Алты бұрышты болып жасалған мұнарасы Кеңес үкіметі тұсында құлатылған. Бұрыңғы кішігірім мұнарасы 1991жылы қызыл кірпіштен қайта қаланып, бұрынғы көрінісін берді. Мұнараның астыңғы жағы алты бұрышты болып, шатырдан жоғарғы бөлігі сегіз қырлы болып, биіктігі 38,50 — метр шатырлы металмен жабылған.
Ғимарат қабырғалары сәндік карниздерімен және өрнектелген кірпіштен қаланған. Тұғыр тасы бут тастан салынған. Терезелері үлкен, биіктігі — 2,80; ені-1м болып жоғарғы жағы жартылай доғал тәрізді салынған.
Ғимарат 1897 жылы Мұртаза Абдуллин деген байдың қаржысына тұрғызылған және мешіт жанына мешіт салынған. 1898 жылғы далалық облыстар қазақтары туралы И.И.Крафт жинағында заңды тұрғыда жазылған. Орал қаласында төрт мешіт болған деген мәлімет бар. Хабиболла Измаилов, ал кейін 1901 жылы Ғайнутдин Залалюдинов мешіт имамы болған.
1929 жылға дейін ғибадат орны болған мешітті соңынан Кеңес өкіметі өзіне тартып алды. Онда байланыс бөлімі мен әскери трибунал жұмыс істепті. Тек 1944 жылдың аяғында ғимарат мүміндерге қайтарылды. Ғимарат Шығыс сәулетінің негізінде тастан салынған. Оның қабырғасы әсем карниз және таспен безендірілген. Қазір ғимарат айрықша сәулеті үшін мемлекет қорғауында. Мешіттің шежіресіне келсек, өткен ғасырдың ортасында Тәжеддин Батыров сынды парасатты жан осында 19 жыл бойы бас имам болды. 1944 жылы Сталин мешітті мүміндерге қайтарып берді. 1960 жылдары жергілікті билік мешітті жапқысы келгенде Тәжеддин имам Үкіметке арыз жазып, аман сақтап қалған.
2002 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мешіт іші заман талабына сай әрленді.
Сонымен қатар мешіт ауласына 16,33х7,40 метр көлемінде имамның қабылдау бөлмесі, есепші бөлмесі мен құран оқитын бөлме салынды. Мешіттің құбыла тарапында 2008 жылы заман талапына сай екі қабатты медресе бой көтерді. Медресенің алғашқы түлектері 2011 жылы алғашқы жемісін берді.