Slider

Сұм ажал жазбасы……..

Соңғы кезде жүректерді елжіретпей қоймаған, көңілдерге қаңжар болып қадалған бір отбасының бірнеше балалары оқыстан көз жұмды. Міне, соңғы айда болған Сырым ауданындағы 5 бала оқиғасы, солардың бірі.

Қу күйбен тіршілік әрі тартсаң қақсатқан, бері тартсаң жаматқан заманда, тілге келместен кеткен сәбилердің өміріне кім жауапты?

Ата-ана ма? Қоғам ба? Басшылық па?

Әрине, кінәліні табу оңай-ақ, ал шыңдыққа тура қарасақ, “баланы балаға қаратқан заманда өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?” деген сұрақ көкейімді тесіп барады.

Әрбір оқиғаның қандай да бір шешімін шариғатқа қарап байланыстыру арқылы мына нәрседе ойым қалды. Алла Тағала барша мұсылманға парыздар мен міндеттерді жүктеген уақытта бірнеше талап қояды. Сол талаптар орындалса ғана ол адам парызды орындауы міндет болып саналады, солардың бірі -балиғатқа толу.

Балиғат жас Ханафи мәзһабы бойынша, ер балаларда 15 жас, ал қыз балаларда 12-15 жас аралығы. Осы жасқа жетпейінше Алла Тағала балаға не намазды, не оразаны жүктемейді (себебі, баланың психологиялық және физиологиялық ой-өрісі толыққанды дамымаған). Әлемдерді Жаратушы, біздің ішіміздегіні бізден де артық білуші Жаратушы Иеміз бізге міндеттеген балиғат жас бұл деп есептесек, БАЛИҒАТҚА толмаған баланының БАЛИҒАТҚА толмаған баланы қарауы, бағуы қаншалықты әділетті???

Бұл посттың мақсаты біреуді кінәлау емес, ескерту!!!

Бала ескерусіз қалмасын, сәбилер жыламасын, бейкүнә жандар тәрбиесіз, қараусыз қалмасын.

Ешбір ата-ана балам жаман болсын демес, алайда көрінбейтін перде артынан балаларымызды жамандыққа өзіміз қолымызбен апарып жатқан жоқпыз ба? Ойланып көрейік……

Жазба авторы: Ахтанова Айзада