Slider

Әкеге хат

Ассалямуғалейкум уа рахматоллаһи уа баракатуһ, Әке!Хал- жағдайыңыз қалай? Бұл сұрақтың орынсыз екенін білемін, бірақ «түрмедегі әкеге» не жазарыңды білмейді екенсің.Өйткені түрмеге  түсіп көрмесекте, оның қандай екенін білеміз.Қандай жағдай болмасын, Алла жеңілдігін бергей сізге!

Менің өз жағдайым«жақсы» деп жұбатқым келмейді. Сырттай ешкімге білдірмегеніммен, іштей қатты қиналып, уайым шегумен боламын.Қанша күліп жүрсемде, ішімде үлкен мұңым бар…Мен қиналып жүрмін,мен шаршадым,мен әбден қиналыпкеттім, әке. Тіпті кейде басымды қайда барып соқсам екен,қалайша бұл азаптан арылсам болады деймін.Сіз үшін өмірді көрмеген кішкентаймын, бірақ жасым жиырмаға келді және бұл жасқа дейін көргенім де аз емес.

Құрметті әке! Қанша жерден кезінде бізді соғып-ұрсаңызда, қарғыс айтып ұрыссаңызда,мен сізді жақсы көремін.Бірақкөрген қиыншылық жүректе қалады екен.Бізді не үшін жеті жасымыздан бастап сабадыңыз?Не үшін? Жеті жасымда менде сәби көңілден басқа не болды?Не білдім, әке? Кейде артымнан ерген інім мен сіңліме қарап, оңашада жылап аламын.Әкесінің басқа біреугеәке болуға кеткенін естіген сәтте «Бізді неге тастап кетті?» деп жылады.Мінездері бұзылды,күлуден қалды,тұйықтала бастады. Сіз жоқта күнкөрісіміз қатты қиын болды. Олар мектепке бір-бірінің киімін ауыстырып киді. Ал сіздің туыстарыңыз, яғни менің аға апаларымнан еш көмек жоғын білесіз бе? Олар біз теріс дінге кірген күні өліп қалған… Ал мен танымасам да, қолымнан жетектеп ұстатып жіберген күйеу балаңыз ризық іздеймін деп Астанаға кетті.Оған мені ішіндіріп, киіндіре алмады деп ренжімеймін.Өткені мен тамақ пен киімнен тұрмысқа шықпай-ақ тарыққанмын…

Мені қинайтыны – қайынжұртымда қадірімнің жоқтығы.Өйткені ол үйге мен өз аяғыммен бардым. Әке, сіз өзіңіз жеңгетай болып, өз қолыңызбен мені оған ілестіріп жібергенсіз. Той жасамаса да, ата-анасы  алдыңыздан өтіп,алып кетсе, ал сіз құда болып төрде шалқайып отырсаңыз, бүгінде мен де басымды тік ұстап жүрер ме едім?!

Әке! Мен өзімді соншалықты жаман сезінемін. Айналамдағы«браттар» әйелдерін әкесінің алдынан өтіп барып алған.Ал сізкүйеуді өзіңіз үйгеілестіріпәкеліп,өз қолыңызбенсол жерде беріп жібердіңіз мені. Менен құтылуға неге сонша асықтыңыз?  «Асығыңдар!» деген  Аллаһ дейсіз. Бірақ  Пайғамбарымызс.ғ.с. Айша ананы қандай құрметпен алды?

Менің жылағым келеді,ашуым келеді,мен шыдай алмаймын,қадірім жоқ үйде тұрғым келмейді. Жұрттың көңіліне қарап өмір сүруден шаршадым. Менің күресуге шамам да жоқ. Жылай-жылай денсаулығымды құрттым, әке! Басымды тік ұстап жүре алмаймын. Егер бетімді жапқан  пәрәнжам болмаса, ұяттан қара жерге кіріп кетер ме едім? Мен шаршадым, әке. Оған сіз және өзіңіз адасқан теріс ағымға мені де қосып, өмірімді күл- талқан еткен жалған сеніміңіз кінәлі. Сізді түрмеден шыққанда қуана қарсы аламын ба, жоқ па, білмедім. Білетінім – күнсанап үмітімнің әлсіз сәуледей сығырайып бара жатқаны. Жарық күнге ұмтылғым, бетімдегі  қара түнекті лақтырып тастап, «Ей, өмір, мен қайта тудым!» деп айқайлағым келеді.Жүзімді жұртқа көрсетіп тұрып, еңіреп жылағым келеді… Алла, маған қуат бере гөр!

«Дүрбі»