Slider

«Біз салафтардың артынан ілесушілерміз» деп адасуда

Ислам діні мейрімдік, жұмсақтық, кешірімділік діні деп аталса, онда неліктен кейбір адамдар ислам атын жамылып қатыгездік, адам өлтіру сыңды амалдар жасайды. Кейбіреулер «Аллаху Әкбар» деп адам өлтіріп, намаз оқымаған ата-анасын «кәпір» санап, оларды зар жылатып жүр. Әрине, намаз оқып, ораза ұстаған жан сырт көзге ислам дінінде жүрген болып көрінеді. Өйткені намаз оқу, ораза ұстау Ислам дінінің міндеттері саналады. Алайда, білімсіздіктің кесірінен адасушылар қасиетті Ислам дініне қастандық жасап жүр деп айта аламыз.

Қазіргі таңда діни білімсіз жастардың кесірінен болып жатқан оқиғаларды бізден алдынғы ислам тарихымен салыстырып көрейікші. Ислам діні үлкен екі тармаққа бөлінеді. Оның біріншісі — сүнниттер, екіншісі — шиттер деп аталады. Сүнниттерге төрт мазһаб иелері, яғни ХАНАФИ, ШАФИҒИ, ХАНБАЛИ, МАЛИКИ кіреді. Ал Шииттер тармағы билікке тек Әлидің ұрпағы лайықты деп, басқа әмірлер мен халифтардың билігін заңды деп санамайды. Олардың ойынша Әлидің ұрпағынан 12 имам шығып, оның он екіншісі қазір «ғайыпта». Осыған байланысты оларды «әл-Исна Ашария» (он екіліктер) деп атайды. Бұл соңғы имам Ақырет алдында Мәһди болып қайтып келеді деп сенеді. Олардың пайымдауы бойынша бұл имамдар ғайыпты біліп, «тылсым» дүниелерден хабары бар. Алтыншы имам саналатын Джафар әс-Садиқтан кейінгі имамды таңдауда таласқан шииттер екіге бөлініп, Исмаилды қолдағандар өзіндік сенімдері бар исмаилия ағымына айналып кетеді. Олардың имамдары жәй діни көсем емес, Аллаһтан аян алатын, жаратылыстар мен Аллаһтың арасын жалғастыратын, дұғалар мен тілектерге жауап беретін Аллаһтың орынбасарлары. Оларды сүю — иман, оларды мойындамау — үлкен күпір деп санайды. Яғни өз сенімдеріне адамдарды сендіріп адам сандарын арттыру үшін өздерін Алидің артынан ілесушілерміз деп сендіретін. Яғни Али тірі кезінде жаннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, пайғамбарымыз Мухаммад с.а.у әкесі Абдулланың бауыры Әби Толибтың  баласы, пайғамбарымыз Мухаммад с.а.у-ның  сүйікті қызы Фатима анамыздың күйеуі, Хасан мен Хусайннің әкесі.

Пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін неше түрлі ағымдар шықты.  Осы кезде адамдар кімге сенерлерін білмей қалғанда, шииттер исламда харам болған «ғола» тақырыбын қолдана бастады. Ғола деген адамның бойында жоқ болған сипаттармен сипаттау. Шиттердің бірі Алиді пайғамбар десе, енді бірі құдай деді. Алидін ұлдарын да осындай сипаттармен атай бастады. Халық Алиді жақсы көргендігі үшін, білімдерінің жоқтығынан осындай болмашы сөзге еріп, шиттердің санын тез арада көбейтіп жатты. Бұндай жаман хабар Алиге р.а жеткенде, Али р.а (кім мені пайғамбар немесе құдай деп жатқанын естісендер, сөзге бармай отқа өртеңдер) деп бұйырады.

Дәл солай да, қазіргі таңда кейбір жастар өз ұстанымдарын ең дұрыс бағыт деп сендіру үшін, жоғарыдағы шиттердің жолын ұстанып келеді. Яғни өздерін «салафпыз» дейді. Салаф деген алдынғылар деген ұғымды білдіреді. Пайғамбарымыз с.а.у бір хадисінде былай дейді: «Ең жақсы адамдар- менің ғасырым. Сосын олардан кейінгілер, сосын олардан кейінгілер». Негізінен Салафтар сол аталған үш ғасырдың үшінші ғасырына кіреді.  Демек, Пайғамбар атап өткен үшінші ғасырдағы салафтар Пайғамбар заманына жақын ғасырда өмір сүрген екен. Тіпті ұлы мазһаб иесі болып саналатын Имам Ахмат, Имам Мәлік сыңды ғалымдар салафтардың заманына кірмейді. Ал қазіргі жастар «Сәләфпыз» деп, яғни шиттер секілді, біз Алидің артынан ілесушіміз деп ұлы сахабаны алға тартып өз сенімдерін шын деп көрсеткілері келгендей. «Біз салафтардың артынан ілесушілерміз» деп өз теріс бағыттарына сендіргісі келеді.

Ислам дінінде көпшілік (ижмағ) болып келісілген амал мазһабтары төртке бөлінеді  1- Имам Әбу Ханифа мазһабы, 2-Имам Мухаммад Ыдырыс Шафиғи мазһабы, 3-Имам Ахмад ибн Ханбали мазһабы, 4- Имам малик мазһабы. Ал иғтиқадта (сенімде) 1-Имам Әбу Мансур Матуруди, 2-Имам Әбул-Хасан Әл-Әшғари мазһабтары деп бөлінеді. Бұлардан басқалары дұрыс емес бағыттар болып саналады.

Әсет РАМАНҚҰЛОВ,

Тәжиден Батырұлы мешітінің найб имамы,

Орал қаласы