Slider

Шам еліндегі өмір

Бүгінде Сириядан отандастарымызды елге қайтаруға арналған «Жусан» операциясының қорытындысы мәлім. Осы уақытқа дейін қанды қырғынның ортасынан 595 Қазақстан азаматы елге қайтарылды – 156 әйел мен 406 бала. Соның ішінде 32 бала жетім қалған. Сирияға қандастарымыз қандай мақсатпен аттанды? Бұл сұраққа құқық қорғау органдары жауап іздеуге кірісті. Жат жердегі қантөгісті көргендердің кейбірі сауықтыру мақсатында арнайы мекемелерге жіберілсе, кейбірі тергеліп жатыр.