Пайғамбарымыз да білім үйренудің мұсылмандар ұшін өте маңызды парыз екенін көрсете отырып: «Кімде-кім білім іздеу жолында түссе Аллаһ Тағала оған жәннетқа бару жолын жөңелтеді» деген.
Аллаһ Тағала Құран кәрімде «Зүмәр» сүресінің тоғызыншы аятында: «білгендер мен білмегендер тең бола ма?», -дейді. Тағы бір аятта: «Сендерден иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежесін көтереді», делінген.
Періштелер ғалым іздеушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер және жердегіллер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді». Адамды азғырып тура жолдан тайдырушы әзәзіл шайтан үшін де шариғатты жетік меңгерген ғалым, білімі шамалы қатардағы қарапайым мың мұсылманнан әлдеқайда қорқынышты екен. Дінімізді неғұрлым біліп тани түскен сайын азғырушыдан алыстап, тақуалыққа жақындай түсеміз. Діни ғұламалық Аллаһ тағаланың сүйікті пендесіне ғана нәсіп болмақ. Сол нәсіптен үміт етуші әрбір мұсылманға қойылар талап. «кімде –кім білімді үйренсе, Раббысының разылығына лайықты болу үшін үйренуі тиіс. Ал, керісінше, тек қана дүниені иелену, байлық, мансап үшін үйренген болса, ол пенде қиямет күні жәннаттың өзі тұрмақ, иісін де сезбейді». «Ілім үйрену –мұсылман еркек пен әйелге парыз» Хазірет Әли (р.а) Күмейілге: «Ғылым –байлықтан қайырлы.
Өйткені малды сен қорғайсың, ал ғылым болса сені қорғайды. Ғылым бағындырушы, байлық бағынушы. Байлық, берсең азаяды, білім, берсең көбейеді», деген екен. «Бір ғалымның дәрежесі аузы берік болса да соғысқа қатысып, түнін ғибат етумен өткізген мужахид құлдан жоғары». «Бір ғалымның өлімінен кейін Ислам әлемінде қаңырап қалған бос орын, сол сияқты ғалым өсіп жетілмегенше толықтырылмайды». Әбул Әсуад: «Ғылымнан бағалы нәрсе болмайды. Өйткені сұлтандар адамдарға басшы, ал ал ғалымдар сұлтандарға басшы», дейді. Фетхи Мусылы: «Ғылым және хикметтен (Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарына беретін ғылымы) мақұрым жүрек ішіп –жей алмайтын ауру сияқты, өлімге душар болды деген сөз өте орынды. Өйткені денені жеп ішу арқылы сақтаймыз, ал жүректін асы –ғылым және хикмет. Жүрек осы екеуімен өмір сүреді. Ғылымсыз жүрек өлімге жақын», -деген. Хасан Басри айтады: «Ғылымдардың қаламы шейіттердің қанымен таразыға тартылады және ауыр басады». Ибн Масғұд (р.а) «Ғылым жоқ болмастан алдын оқындар. Ғылымның жоғалуы ғалымдардың өлімімен болады. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, Алла разылығы үшін өлген шейіттер ғалымдарға берілген жоғарғы дәрежелерді көргенде, ғалым болу үшін дүниеге қайта келуді тілейді», -дейді. Ибн Аббас(р.а.): «Мен үшін түннің аз да болса бөлігін ғылым үйренумен өткізу түні бойы ғибадат етуден жоғары», -дейді.Хасан Басри «Бақара» сүресінің 201 –аятындағы «Уа, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық бер және ақыретте жақсылық бер» деген аятта бұл дүниедегі жақсылық бізге ғылым және ғибадат, ал ақыреттегі жақсылық жәнннатқа кіргіз деген мағынада айтылған дұға» дейді. Зүбәйр ибн Әбу Бәкір: «Әкем Иракта жүргендегі хатында маған былайдеп жазды: «Оқы, өйткені ғылым –жоқшылығында байлық, байлығында сән болар». Хазірет Лұқман (ғ.с) ұлына берген насихатында былай деген: «Ұлым! Ғалымдардың мәжілісіне қатыс. Көктем жаңбырмен жерді көгеретін Алла хикмет нұрымен мұсылмандардың жүрегін толтырады». «Ғалымның өліміне теңіз балықтар, көкте құстар шейін әр жаратылыс жоқтап жылайды» делінген де сөз бар. Яхя ибн Муаз (р.а.) айтады: «Ғылымдар мұсылман үмбетіне әке –шешесінен де мейірімді. Өйткені әке –шешелері оларды дүниедегі оттан қорғайды, ал ғалымдар ақыреттегі оттан қорғайды». Хасан Басри: «Ғылымдар болмаса, адамдардың басқа жан иелерінен айырмашылығы болмас еді. Өйткені олардың оқытумен адамдар адамдық дәрежеге жеткен», -дейді.
«Қазақстан адам ресурстары» жеке ұйымының
теолог маманы Адайхан Бағдат