Slider

ҚҰПТАН НАМАЗЫН ОҚЫМАЙ ҰЙЫҚТАМА!

Шейх Халил Ахмад әс-Сәһаранфури (رحمه الله) былай дейді: Құптан намазы алдын ұйықтау — ұнамсыз амалдардан. Оның себебі — ұйқы себепті құптанды немесе мұстахаб уақытты өткізіп алу қауіпі бар. Одан бөлек, қарапайым халық бұл іске әдеттеніп, жамағат намазынан қалып қояды.¹

Имам Тирмизи (رحمه الله) айтты: قد كره أكثر أهل العلم النوم قبل صلاة العشاء "Ғалымдардың басым бөлігі құптан намазы алдын ұйықтауды ұнамсыз амал (мәкруһ) деп санаған". ² Абдулла ибн Мубарак (رحمه الله) айтты: أكثر الأحاديث على الكراهة "Хадистердің көпшілігі мәкруһ екендігіне нұсқайды".³ ➖➖➖

  1. Бәзл әл-мәжһуд фи хәлли Сунан Әби Дауд, 3:47
  2. Сунан Тирмизи, 1:314
  3. Бәзл әл-мәжһуд фи хәлли Сунан Әби Дауд, 3:47