Мысыр, Шам, Хижаз жерінде билік еткен Қыпшақ сұлтандығы отандық ғалымдар тарапынан жеткілікті дәрежеде зерттелмей отыр.
Әлемдік дәрежедегі ғұламаларымызды ныспысындағы қазақ жеріне тиесілі Фараб, Сығанақ, Тараз секілді қала атауларынан ғана танып жүрміз. Аты-жөнінде қала атауы жазылмаған ғұламаларымыз қаншама.
Солардың бірі Мұғалтай ибн Қылыш әл-Ханафи (1290-1361 ж.). Әкесі ұлын әскери адам болсын деп садақ ату өнеріне баулымақшы болып біраз әуреленсе де, бала Мұғалтай ілім жолына түсті. Жүзден аса еңбек жазды. Әбу Ханифа мәзһабын ұстанды. Заманында «Шейх әл-Хадис» деген атаққа ие болған. Әл- Бұхаридың сахих хадистеріне жиырма томдық түсіндірме жасаған. Тіпті ибн әл- Мулаққин, ибн Хажар,т.б. хадис ғалымдары өздерінің атақты еңбектерінде Мұғалтайдың еңбегіне сүйенген.
Осындай ғұлама бабаларымызды елімізде танытып, еңбектерін насихаттауымыз керек.
[Қ.А. Қыдырбаевтың "МƏМЛҮК-ҚЫПШАҚ СҰЛТАНДЫҒЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ƏЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ" мақаласынан алынды]