Slider

МҰСЫЛМАН ҮШІН НЕ ҚАУІПТІ?

Ілім алып бастаған кезде мұсылмандарға үлкен қатер тудырып тұрған нәрсе уахабилер деп ойладым. Сол себепті менің әр сөзім оларға қарсы болды. Таңның атысы, кештің батысы туыстарымды, достарымды, тіпті, қоғамдық көлікті біреумен таныссам, көліктен түспейінше оны да уахабилердің қатерінен сақтандыруға тырыстым.

Кейін көп ізденіп, зерттей келе, заманауи үрдіс пен оның нәтижелері уахабилерден де қауіпті деп шештім. Ал, сәләфизмді сол үрдістің бір көрінісі ретінде қабылдадым. Менің әр лекцияларым заманауи үрдістердің әсері, оның адамның ойлау жүйесіне, нақтырақ, мұсылмандардың ойлауына кері тигізер зиянын айта бастадым.

Содан соң мен кванттық физиканы және осы ғылымнан әсер алған философиялық идеяларды оқи бастадым. Мен әр сөйлеміме "квант" сөзін қолданып, айналамдағыларға осы бір идеяға назар аудару керектігін, бұл идея өзгелеріне қарағанда "аса қауіпті" екенін ескертіп жүрдім.

Уақыт өте келе мен Батыстағы мұсылмандар туралы зерттедім. Сонымен қатар мені қоршаған бауырларымның көбі Еуропадан және Америкадан екенін байқадым. Олардың сұрақтар "эволюция теориясы", "таным теориясы", Құдайдың болмысын рационалды түрде дәлелдеу, хиджабтың легитимдікі, зұлымдық түсінікі, гуманисттік дін түсінікі туралы екенін көрдім...Содан бастап осы тақырыптарға көптеген семинар, дәрістер, жеке және топтық кездесулер өткізе бастадым.

Жоғарыда аталған жайттарды қорытындылай келе, Ислам дегеніміз — еш нәрсе қауіп төндіре алмайтын үстем етуші, Құдайлық, абсолютті дін. Бұл дінге иланып, ол үшін уайымдау — адам сезінетін шынайы талпыныстардың бірі. Жер бетінде адам деген жаратылыс бар кезде Исламнан теріске бұратын адамдық факторлар әлі де актуалды болады.

Зейдті діннен бет бұрғызған нәрсе Омарды да діннен алыстатады деген сөз емес. Мен бір себеп бойынша дін қабылдаған адамды және дәл сол себеп бойынша діннен шыққан адамды да көрдім.

Сол себепті, егер сіз біреуден "осы нәрсе дінге аса қауіпті" дегенді естісеңіз, демек оның ілім деңгейі сол дәрежеде. Егер ол ілімге тереңдей берсе, одан да басқа қатерлерді көреді.

"Ең қауіпті" деген сөз — салыстырмалы қосымша категория және оны абсолютті дәрежеде тәпсірлеудің қажеті жоқ. Ендеше, сіздің ойыңызша мұсылман үшін не нәрсе қауіпті?

Мен үшін жауап өте жеңіл: білімнің аздығы.

(с) Доктор Али аль-Умари (حفظه الله)