Куфа қаласында фиқһ ілімінің негізін қалаған — сахаба Абдулла ибн Масғуд (رضي الله عنه)
Одан фиқһ ілімін үйренген — Алқама ибн Қайс (رحمه الله). Бұл кісі Әли ибн Әбутәліп, Әбу Дарда және Айша анамыздан (رضي الله عنهم) ілім алған.
Алқамадан Ибрахим ән-Нахаи фиқһ оқыған.
Ал одан Хаммад ибн Әбу Сүлеймен әл-Куфи сабақ алған.
Хаммад ибн Әбу Сүлеймен Имам Ағзамға ұстаздық еткен.
Имам Ағзам Әбу Ханифа өзінің бір сөзінде былай дейді:
"Мен әр намаз оқыған сайын әкеммен бірге ол (Хаммад ибн Әбу Сүлеймен) үшін де истиғфар тілеймін"
(Алла олардың баршасынан разы болсын)
["әл-Фиқһ әл-Ханафи фи сәубиһи әл-жәдид", 1 том 19 бет]