Slider

Сұхбат

ИСЛАМДЫ ТҮРКІЛЕР ӨРКЕНДЕТКЕН

Ұлы сәскеге таяған әлетте мұнаралы мешітке баба жосыны бойынша «Алла» деп аяқ басып, мұнтаздай киінген наибтан жөн сұрап, төменгі қабатқа беттеп барамыз. Мәрмәрдан жасалған басқышты адымдай санап төмендеген сайын құлағыңа күмбірлеген керім үн талып жетеді. Бір адамнан емес-ау, әлденеше жаннан шыққан ғажайып әуез ол. Жақындаған сайын жанды баурап, елітіп барады. Наибтың сілтемесі бойынша айтылған есікке барғанда ғана білдік, өкіл имам сынақ қабылдап жатыр екен. Есік сыртындағы күмбірлеген дауыс өңір имамдарының Құран тапсырар алдындағы әдепкі дайындығы, өзін-өзі бір пысықтап алу шарасы екен. Жеке-жеке қабылданған молдалардың соңғысы есікті сырттан жапқанда барып Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Оразбаев сұхбаттасуға әзірмін деген бейіл танытты.

РАШИД МҰХИТДИНОВ: ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ЖАНАШЫРЛЫҚ ЖЕТІСПЕЙДІ

Бүгінгі қазақ қоғамындағы діни ахуал қандай? Зайырлылық ұғымы мұсылман қауымы үшін жат па? Діни еркіндік деген не? Мұсылманның басты кемшілігі неде? Қоғамда қордаланған діни мазмұндағы мәселелерге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының канидаты, исламтанушы Рашид Мұхитдинов жауап берді.

Салафит жігіттің өкініші

«Дін атын жамылған жат идеологияға өтіп кеткендердің көпшілігі түрменің аржағында отырғанда өкініп жатады. Жазасын өтеп отырған 1992 жылы туған атыраулық жас жігіттің тағдырымен жақсы таныспын. Жылдар бойы тұрақты жүргізілген жұмыс нәтижесінде, ол жігіт қазір дәстүрлі мәзһабқа оралды» деген «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы, дінтану магистрі Серікжан Еншібайұлы адасқан тағдыр жөнінде кеңінен айтып берді.

Жекеменшік мектептер діни білім бере алмайды

Жақын арада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаев журналистерге берген сұқбатында елімізде жекеменшік мектептердің ашылуына қолданыстағы заңнамалар бойынша қандай ба бір кедергі жоқ деп санайтынын мәлімдеді.

«Талақ» мәселенің шешімі емес

Бақытжан ЖОЛДАСОВ,

«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы:

«Талақ» мәселенің шешімі емес

Омар ЖӘЛЕЛ. Мұсылмандық бес парызбен толықпайды

Мұсылманның парызы қайсы? Міндеті не? Құлшылық пен тіршілік қайтсе қабысады? Бүгінгі күннің әрбір мұсылман баласына ой салатын әңгімені филология ғылымының кандидаты, профессор Омар Жәлел тарқатып берді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Балғабек Мырзаев . ҚҰРАНДА БІЛІМ АЛУ ОРАМАЛДАН БҰРЫН ПАРЫЗ БОЛҒАН

Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектептер, колледждер, лицейлер үшін міндетті форма талаптарын бекіткен. Ол білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешелік белгілерін жоюға бағытталғаны белгілі. Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін регламенттейді. Алайда, бүгінде еліміздегі орта білім беру мекемелеріне қыз балалардың орамал тағып келуі мәселесі өзекті болуда. Осыған орай, теология ғылымдарының докторы, белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаевпен әңгімелескен едік.

Қалмахан ЕРЖАН . Ата-ананы сыйлау жиһад жасаудан да жоғары

Діни мәселелерге байланысты перзенті ата-анаға деген құрметін жоғалтқанын, ағайынның арасы алыстай түскенін қоғамда көріп жүрміз. Неге дінге бет бұрдық деген кей жастардың ата-анаға құрметі кеміді? Ата-ананы сыйламау әдепсіздік пе, әлде, күнә ма? Келіннің үлкендерге сәлем салуы шынымен де ширк пе? Осы және өзге де сұрақтарға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, белгілі ислам зерттеушісі, ғалым Қалмахан Ержан «Kazislam» порталына жауап берген еді.

Ершат Оңғаров. ТАЛАҚ ДЕП ТАҚЫЛДАҒАНДАР ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА БАЛТА ШАБАДЫ

Жасыратыны жоқ, қазір елімізде шайқалған шаңырақтар мен ойран болған отбасылар саны күн санап көбеюде. Оған енді «Талақ!» деп тақылдайтын жастар шығып жатыр. Бұрын қазақ қоғамында ақ неке деген ұғымның орны қандай еді осы?

Досай Кенжетай. Исламда қыз балаға бірінші кезекте орамал емес, білім алу парыз