Slider

«Құрбан айт» мерекесіне орайластырылған спорттық шара өтті!

2019 жылдың 10 тамыз күні БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры, ҚМДБ-ның БҚО бойынша филиалының ұйымдастыруымен » жастар » стадионында «құрбан айт» мерекесіне орайластырылған спорттық шара өтті.
Шара барысында БҚО дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Аманбаева Әсия Рахымқызы құттықтау сөздерін айтып, кезекті құттықтау сөздерді Дін істері басқармасының басшысы Раманкулов Мақсат Аралбайұлы, Орал облыстық мешітінің найб имамы Ихсанов Ерденбек арнады.
Әрі қарай аталмыш шара спорттық шарамен жалғасты. Қол күресі, асық ату,қазақша күрес, арқан тарту сынды спорттық ойындармен қатар, қой көтеруден де күш сынасу болды.
Нәтижесінде: I орынды «Шыңғырлау жамағат» командасы, II орынды «Теректі жамағат» командасы, III орынды «Сырым жамағат» командасы иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Халықтың ауызбіршілігін арттыру мақсатында өткізілген игі шараға, куә болған жамағат мерекелік көңіл күймен тарқады.