Slider

«Таратуға және сақтауға тиым салынған діни әдебиеттер басылымдарын айқындау» тақырыбында (online) cеминар өтті

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 желтоқсан күні «Таратуға және сақтауға тиым салынған діни әдебиеттер басылымдарын айқындау» тақырыбында (online) cеминар өтті. Мақсаты: Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және экстремизмге және терроризмге қарсы күрес қызметін ұйымдастыру. Аталмыш семинарды қоғамдық қордың төрағасы Есімжан Ерболұлы жүргізіп, Діни әдебиеттерді сараптамадан өткізу процесі жайында – «Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты» Дінтану сараптамасы депортаментінің сарапшысы: Төлеу ғибадат, Деструктивті діни ағым әдебиеттерінің ерекшеліктерін — қоғамдық қордың теолог маманы Дүйсенәлі Бейімбет, Діни әдебиеттерді тәркілеу процесі жөнінде – БҚО Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты: Равхат Сарсенбайұлы баяндама жасады. Семинарға ҚАЖ Департаменті, БҚО ҰҚК, БҚО Ішкі істер департаменті, БҚО шекара қызметкерлері, Мемлекеттік кірістер департаменті, БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен сауалдарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Дінтану Сараптамасы басқармасының басшысы Қабылов Нұрғали Бердіқұлұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Дінтану Сараптамасы басқармасының бас сарапшысы Әбілов Айбар Сәтжанұлы тарапынан жауап берілді.

Жастарымызға кез келген жерден діни әдебиеттерді алып оқи беруге болмайды дегіміз келеді. Алғашқы бетінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің және ҚМДБ-ның оң сараптамасын алған кітаптарды ғана оқу керек. Сақтықта қорлық жоқ деген дана қазақ. Бүгінгідей ақпарат нөпірі өткіл бермей тұрған заманда сақ болайық! Сақтанайық!