Slider

БҚИТУ студенттеріне онлайн форматта семинар өтті

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» және «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқитын студенттеріне онлайн форматта «zoom» қосымшасы арқылы «Рухани тәрбие – құндылықтың мәні» тақырыбында семинар өтті. Аталмыш семинарды қоғамдық қордың теолог маманы Тұрарбеков Абзал жүргізді. Рухани тәрбие негіздерін ашықтап, көркем мінез құлық, отансүйгіш, білім алудың маңыздылығы, ұлттық құндылықтарымыз туралы ақпарат берілді.