Slider

Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенттеріне ақпараттық- түсіндірме жұмысы өтті

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 қараша күні Орал «Сервис» технологиялық колледжінің жатақхана студенттеріне онлайн форматта «zoom» бағдарламасы арқылы ақпараттық- түсіндірме жұмысы өтті. Түсіндірме жұмысын қоғамдық қордың теолог маманы: Арман Нұрахметұлы «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында жүргізді. Дәстүрлі дін ислам мен кері тартпа ағымдардың арасындағы идеологиялық айырмашылықтар туралы ақпарат берілді.