Slider

Cтуденттерімен онлайн форматта кездесу өтті

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 қараша күні Ж.Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледжінің жатақхана студенттерімен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуде қоғамдық қордың теолог маманы: Дүйсенәлі Бейімбет «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді. мемлекеттің діни саясатын және Қазақстан құндылықтары мен зайырлылық туралы өзге де өзекті мәселелер туралы ақпарат берді.