Slider

«Отбасы бақытына жетелейтін жолдар» тақырыбында кезекті сабақ өтті

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында бір айлық курстың кезекті сегізінші сабағы 13 қараша күні «Отбасы құндылықтары», «Отбасы бақытына жетелейтін жолдар» тақырыбында өтті. Сабақта «Түсіністік пен сыйластық ең үлкен махаббат», «Отбасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары», «Отбасының тәрбиелік қызметі», «Ұрпақ тәрбиесі» тақырыптары ашықталды. «Аманат-Жайық» ҚҚ-ның теолог маманы Данаева Назгүл Медерқызының тарапынан түсіністік, сыйластық дегеніміз не? Амалда қалай қолданамыз?!, Сыйластық пен адалдық бар жерде үлкен махаббат пен шайқалмас шаңырақ болатынын, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, Отбасы алдындағы міндеттерімізді, Ата-ананың бала алдындағы міндеттерін, балалардың ата-ана алдындағы міндеттерін, бауырлардың өзара міндеттері, туған-туысқандарымыздың алдындағы міндеттеріміз, көршілер алдындағы міндеттерімізді сонымен қатар отбасының тәрбиелік қызметі туралы, ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашығы жөнінде ақпараттар берілді . Қатысушылар тарапы өз ризашылықтарын білдірді.