Slider

«Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында бір айлық курстың төртінші сабағы өтті

«Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы»  тақырыбында бір айлық курстың төртінші сабағы «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында өтті. Сабақта «Денсаулық қадірі», «Жан саулығы мен тән саулығының маңызы», «Ақжаулықтың денсаулыққа пайдасы», «Спорттың денсаулыққа берер пайдасы» тақырыптары ашықталды.

Сабақты «Талап» клиникасының гинеколог маманы: Дамира Тасбулатовна бастады, қыз тәрбиелеп отырған әр ана нені ескеруі керек? Қызы құлпырып бойжету сатыларынан өтетін сәтте оған анасы қандай кеңес бергені дұрыс? етеккір, эрозия, жатыр не себепті төмен түседі, гигиеналық тазалықты сақтауды, т.б қыз-келіншектерді мазалайтын сауалдарға гинеколог маман жауап берді, сонымен қатар, қыз-келіншектерге пайдалы тағамдарды пайдалануға, дұрыс тамақтануды ұсынды -Сұлы жармасы, әйел ағзасындағы холестерин деңгейін төмендетеді. Әсіресе, жүктілік кезінде холестерин өздігінен жоғарылап кетуі мүмкін.

Сонымен қатар сұлы артық салмақтан арылуға көп көмектеседі.

Сұлы жасұнығы терінің түсін бірқалыпты етіп сақтайды.
-Брокколи сүт безі қатерлі ісігін болдырмайды. Климакс кезінде ағзадағы эстроген гормонын төмендетеді.

Брокколи құрамында А және С витаминдері, фолий қышқылы, темір және кальций бар. Иммунитетті көтеріп, метаболизм функциясын жақсартады. Күніне 200-300 грамм жеу керек. Мұздатылған күйінде де қолдануға болады.
-Грек жаңғағы бір уыс немесе 2-3 түйір грек жаңғағын холестерині жоғарылап кеткен адам жегені дұрыс.

Грек жаңғағы ми қызметін дұрыстайды, ұйқыны жақсартады, стреске бейімдікті жояды, жүрек-қан тамырларының жұмысына оң әсер етеді.

-Шоколад қыз-келіншектердің сүйегі ерлердікіне қарағанда осал болады. Осыған байланысты құрамындағы үгілген какао-атбас бұршақтары 70-80% болатын шоколад жеген пайдалы. Мұндай шоколад магний, марганец, мырыш пен фосфорға бай. Сонымен қатар шоколад теріні ылғалдандырады, қан қысымын төмендетеді және көңіл-күйді көтереді.

Шоколад құрамында какао мөлшері көп болуы керек және оны күніне 2-3 тілім ғана жеген жөн. Сабақты одан әрі Орал облыстық орталық мешітінің ұстазы Бекболат Айя Зайноковна жүргізді, Ғұсылдың, дәреттің пайдасы, Тазалық иманның жартысы, Сүннетпен емделудің жолдарын айтып өтті.