6 қазан күні облыстық жамағаттар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
⠀
Жарыстың ашылуына Елімізге белгілі ұстаз Ризабек Баттаұлы катысып, жамағатты ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа шақырды. Ұлылардан қалған ұлағатты сөздерді айтып, жаздың шырайлы күндеріндей жасыл көгалдағы жайлы отырыс болды.
⠀
Шараға жалпы 10 құрама қатысып тартысты ойын болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1ші орынға «Бәйтерек» құрамасы шығып «Аманат-Жайық» ҚҚ-ның алғашкы айналмалы кубогіне ие болды, ал 2ші орынды «Абырой» құрамасы алса, 3ші орынды Жаңақала ауданы қанжығасына байлады.
⠀
Кұрамалар арасында көрермендер көзайымына айналып, көзге ерекше түскен «Абырой» құрамасының шабуылдаушысы Калмаков Мирас «Үздік шабуылдаушы» номинациясымен марапаталды және «Үздік қақпашы» номинациясымен Жаңақала құрамасының ойыншысы Нартайұлы Нұрлыбек марапатталды.