Slider

Жаңақала ауданының орталық мешітінде жергілікті әйел жамағаты арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні БҚО дін істер басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Жаңақала ауданының орталық мешітінде жергілікті әйел жамағаты арасында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог мамандары Данаева Назгүл Медерқызы және Ахтанова Айзада Асқарқызының қатысуымен «Жақсы көңіл күй – жан азығы» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында теолог маман Н.Данаева «Жалпы қоғамдық қарым-қатынас негіздері», «Ислам негізіндегі көркем мінезділік» тақырыптарында сөз қозғады. Сонымен қатар, теолог маман А.Ахтанова «Ислам дінінің негіздері», «Ахлақ мәселесі туралы» тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, қатысушылар арасында діни білім деңгейін анықтау мақсатында аталмыш тақырыптар төңірегінде сұрақ-жауап викторинасы өткізілді. Қатысушылар өз білім деңгейлерін тексере отырып, сұрақтарға белсене жауап берді. Шара соңында қатысушыларға ынталандыру мақсатында сыйлықтар (орамал) тарту етілді. Сондай-ақ, Н.Стамбакиев пен Қ.Құрманбаевтың «Намаз оқымайтын адам-кәпір» дейтіндерге жауап» атты кітабының қысқаша түсіндірмесі жүргізіліп, қатысушылар арасында таратылды. Қатысушылар өз тарапынан алғыстарын білдірді.