Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні БҚО дін істер басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінде жергілікті әйел жамағаты арасында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог мамандары Данаева Назгүл Медерқызы және Ахтанова Айзада Асқарқызының қатысуымен «Жақсы көңіл күй – жан азығы» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында теолог маман Н.Данаева «Мұсылман сипаты», «Ислам негізіндегі көркем мінезділік» тақырыптарында сөз қозғады. Сонымен қатар, теолог маман А.Ахтанова «Ислам дағуаты», «Ислам дінінің негіздері» «Ахлақ мәселесі туралы» тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, қатысушылар арасында аталмыш тақырыптар төңірегінде сұрақ-жауап викторинасы өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар сауалнама толтырып, түсіндірме жұмысынан алған әсерімен бөлісті. Шара соңында қатысушыларға ынталандыру мақсатында сыйлықтар (орамал) тарту етілді. Қатысушылар өз тарапынан алғыстарын жеткізді.