Slider

Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің діндар азаматтарымен кездесу өткізілді

28 тамыз күні, Орал қаласы,
«Зам-зам» кафесінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы PhD докторанты
Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің діндар азаматтарға теологиялық көмек көрсете отырып дәстүрлі дінге оңалту және бейімдеу бағытында өткізілген
«Намаз оқымайтын адам-кәпір» дейтіндерге жауап» атты түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара алдымен Н. Стамбакиев барлық қатысушылармен танысудан басталды.
Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес слайдпен сүйемелдеу арқылы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Түсіндірме жұмыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін ойландырған сұрақтарға  маман тарапынан толыққанды жауаптар ала алды.

Шара барысы кофе-брейкпен жалғасын тапты. Сонымен қатар, шара соңында қатысушылар арасында Н.Стамбакиев пен Қ. Құрманбаевтың «Намаз оқымайтын адам-кәпір» дейтіндерге жауап» кітабы таратылды.

Қатысушылар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Жалпы шараға 20 адам қатысты.