Slider

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің діндар әйел жамағаты арасында психологиялық-семинар тренинг өткізілді.

БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 26 тамыз күні зайырлы ортаға бейімдеу, психологиялық көмек көрсету мақсатында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің діндар әйел жамағаты арасында «Аманат-Жайық» ҚҚ-ның психолог маманы Айгүл Асқарова психологиялық-семинар тренинг өткізді.
Адамның өз-өзімен жұмыс жасауы, қалай лайықты тұлға болу, басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керек, бала тәрбиесі, балалармен қалай дұрыс сөйлесу керек сияқты барлық тақырып қамтылған.
Тренингте әйелдер біліп-білмейтін көптеген маңызды ақпарат алып, өмірдің маңызды қырларын үйренді.
Сонымен қатар, арт терапия жүргізілді, қатысушылар тарапынан түрлі жағдаяттарға негізделген сұрақтар қойылып, маманның тұшымды жауаптарымен жалғасты.