26 тамыз күні, Орал қаласы, «Зам-зам» кафесінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен намаз оқып ханафи мазахабының шығуына қызыққан азаматтар арасында теологиялық көмек көрсете отырып дәстүрлі дінге оңалту және бейімдеу бағытында өткізілген «Ханафи мазхабының маңызы» атты түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Доспаев Есімжан Ерболұлы сөз сөйлеп, таныстырды.
⠀
Н. Стамбакиев қатысушылармен танысқаннан соң, тақырыпқа сәйкес слайдпен сүйемелдеу арқылы түсіндірме жұмысын жүргізді. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерін ойландырған сұрақтарына маман тарапынан толыққанды жауаптар ала алды.
⠀
Шара барысы кофе-брейкпен жалғасын тапты. Сонымен қатар, шара соңында қатысушылар арасында Н.Стамбакиев пен Қ. Құрманбаевтың «Намаз оқымайтын адам-кәпір» дейтіндерге жауап» кітабы таратылды.
⠀
Сондай-ақ, намаз уақыты таяп қалып, 10 қатысушы Н.Стамбакиевпен бірге Орал қалалық Тәжиден батырұлы мешітіне барып, бірге намаз оқыды.
⠀
Кейін түсіндірме жұмысы мешіттің сыртқы алаңында сауда және экономика тақырыптарында жалғасын тапты.
⠀
Шара соңында қатысушылар байланыс нөмірлерімен алмасып, алдағы уақытта байланысып тұруға және сұрақтары болса хабарласатындықтарын жеткізді. Алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Жалпы шараға 17 адам қатысты.