«Білім – асыл қазына» атты интеллектуалды білім сайыс
онлайн-форматта өтті
⠀
2020 жылдың 20 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсырысы негізінде, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, БҚО ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде, «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталған азаматтар арасында, онлайн-форматта «Skype» бағдарламасы арқылы «Білім – асыл қазына» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.
⠀
Білім сайысының мақсаты — «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталған азаматтарды оңалту, білім деңгейін сынау және діни сауаттылығын арттыру.
⠀
Аталмыш шараға БҚО ДІБ «Дін мәселелерін зертеу орталығының» басшысы Арман Нұрахметұлы, «Орал облыстық орталық мешітінің» наиб имамы Наурыз Убаев, «Аманат-Жайық» ҚҚ төрағасы Есімжан Доспаев төрелік етті.
⠀
Аталмыш сайыста қатысушылар жыл бойы оқыған Еркебұлан Қарақұловтың «Ислам ғылымхалы», Серік Тәжібаевтың «Пайғамбар ақидасы» атты кітаптары мен қазақтың мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтар бойынша өзара сынға түсті.
⠀
Жазасын өтеушілер арасында білімін жан-жақты дамытуға интеллектуалдық сайыстың әсері мол болды.
⠀
Барлығы сайысқа 9 адам қатысты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталып, қалған қатысушылар да алғыс хат пен сыйлықтарға ие болды.