БҚО дін істері басқармасының тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14 тамыз күні «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің жамағатына (соның ішінде әйел жамағаты) «Әйел- үйдің қазығы» атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарға оңалту.
⠀
Аталмыш іс-шараға «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог мамандары Ерген Құмаров және Данаева Назгүл қатысып ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
⠀
Аталмыш тұлғалар әйел — отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналатынын, жат ағымның зардаптарын, сонымен қатар дәстүрлі діни құндылықтар мен ұстанымдардың өзіндік рөлін атап өтті.
⠀
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің жамағатына «намаз оқымайтын адам — кәпір» дейтіндерге жауап» атты кітап берілді. Іс-шара қазақша «Ет асу» қазақтың ұлттық тағамы ас дайындау мастер класымен жалғасты. Дәмді етіп пісірудің қыр-сырларын үйренді.
⠀
Әйел жамағатымен арнайы кофе-брейк басына жиналып, шара қорытындыланды.

