Slider

«Терезені ашсаң, таза ауамен бірге шаң-тозаң да ілесіп кіреді»

Шығыс даналығында мәні мен мағынасы мол мынадай мақалға бергісіз қанатты сөз бар: «Терезені ашсаң, таза ауамен бірге шаң-тозаң да ілесіп кіреді».
Еліміз Тәуелсіздік алып, қадамын нық басқан жылдары жат пиғылды діни ағымдар мен дін таратушылар бірлігімізге сызат түсірді. Әр нәрсенің зияны мен зардабы көпке дейін созылатыны белгілі. Жастарымыз білместікпен, түсінбеушілікпен дініміз бен дәстүрімізге қайшы ұстанымның ықпалында кете барды…
Бірде Бегалы би: «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», – деген екен. Қазақы тәрбие, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлеріміздің қайнар көзі, алтын қазығы ізгіліктен, инабаттылықтан, имандылықтан бастау алады. Міне, біз баланың жүрегіне осындай асыл құндылықтарды ұялата білуіміз керек.