Slider

«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ҚАЗАНЫ»

Қазақтың қара қазаны туралы білгеніңіз жөн. «Қара қазан сары баланың қамы үшін қылыш сермедік»,- деп Махамбет жырлайтын. «Қазан шайқалса, ырыс шамданады»,- деп босқа айтпайды қайран қазақ. Қазіргі жастарға құлағына құю керек. Бұл ғасырлар бойы келе жатқан нақты ырымдар, мысалы, қазан құйдырсан саудаласпа, сұрағанын бер, қазанды төңкерме, тұқымы артынан тұяғы қалмағанда зиратқа қазанды төңкерген, қайтыс болған адам түске кіріп мазаласа қазанын апарып, су толтырып басына қойған. Егер қайтыс болған адамның тұқымы артынан өле берсе, қара қазанның басына биікке төңкерген, ондағысы ұрпағының өлімі тоқтайды деп ырымдаған. Қара қазан бос тұрмайды, түбінде май қалып, бетін жауып қою керек. Қара қазан бос қалса, ырыс кетеді, қаңырайды, біреуден қазан алсан, бос берме, ішіне ырымдап сарқыт салып беру керек. Қара қазанды қыз ұзатқанда немесе күйеудегі қызға бермейді, ертелес суға көлге адам батса, қара қазанын алдыртқан, суға төңкеріп жіберген, сонда қазан иесі батқан жерге барып айналып тұрған екен, солай тапқан. Қазан мықты болса, ел де мықты, қазан шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі болып саналады.

Тарихтан өтетін 1917 жылғы «Қазан төңкерісі» аты жаман. Ал қазанды төңкердік, дінді ұмыттық, Құдайды жоқ дедік, қазақтығымыздан 70 жылда айрылдық, 1921 жылы аштықтан бір миллион өлді, қашты. 1931-1933 жылдары алты жарым  миллион қазақ өлді, 1931, 1937, 1940, 1951 жылдары репрессияда қаншасы өлді, міне қазанның төңкерілгені бізге ауыр тиді. Қазақтың баласы бөлек шыққанда, шаңырағын құрғанда, жиенші ретінде ырымдап қара қазанды апарып берген.

1399 жылы Әмір Темір, Яссауи, Арыстанбапты салғанда 7 түрлі металдан қазан құйғызған, тайқазанды құйдырғанда жеті имам дұға оқып отырғанын құйып біткенше, тайқазанға 70 малдың етін салып, бір шаммен қайнатып, құрылыс салған адамдарды тамақтандырып отырған, оны «Алланың қазаны» деп атады. Хадистерде былай делінген: «Кімде-кім Алла Тағала үшін су құятын ыдыс жасаса, Алла Тағала оған жұмақтан арнап хауыз дайындайды»,- делінген. Осыны білген дана адамдар ғана құйдырып, баласына аманат еткен. «Мен өлгеннен кейін, мына қазанға су толтырып жолға қой, ел су ішсін», — деп су ішкен адам дұға қылған, сауабы жасалған адамға тиіп отырған.

Қазаннан айырылу, ол құт берекеден айырылу. Мысалы, тарихта Олжабай батыр бастаған жасақ, ботаханды тірідей көміп, қазанын алып кеткен. Абылайхан Көкшетаудан көшкенде, Бекболат би қуып келетінін біліп, қара қазанын жұртқа тастаған, оны көрген Бекболат түсініп, қазанға ет асып, той ашуы тарқап, «Абылай тегін адам емес, Алланың адамы», – деп айтқан екен, өлтірем деген райынан қайтыпты.

Ислам тұсында да тайқазандарда «мүбәрәк бат» деп жазылған, мағынасы – құтты, берекелі болсын деген мағынада. Қазақтың Тәукехан тұсындағы жеті жарғы, занының жеті ауыр айыбы заңнамасының бірінші айыбында, «қара қазан» деп аталады. Оның жазасы айыпкердің шаңырағының ортасына түскендігінің белгісі  құлдыққа салады.

Жалпы қазанның тарихына тоқталсақ, 25 ғасыр бұрын Герадотта сақ патшасы Аренттің  қазаны туралы жазған екен. Ол қазақ сақ әскерлердің жебесінің ұштарынан құйылып жасалған екен, сақ тайпаларын достастыру бағытында.

Қазан сөзінің шығуы – қазу, қазған, қазаншұңқыр мағынасынан шығып отыр. Қазақ айтады: «Қазаннан қақпақ кетсе,  иттен ұят кетед». «Піс қазаным бес ай», — деген сөздің ар жағы түсінікті. «Күн Алланың оты, ошақ — адамның оты»,- десе, ол ошақта тұратын қара қазан. Сөзімді Ақтанберді жыраудын айтқанымен аяқтайын: «Пышақтан малым кетпесін, қазаным оттан түспесе, ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе», әумин.

Авторы:Ешмағамбетов Бауыржан Сатыбалдыұлы