Slider

АЛТЫННАН ҚҰНЫ ЖОҒАРЫ ХАДИС

Бұл хадиске ислам ғалымдары «құны алтыннан да жоғары» деп баға берді. Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етіледі:

Бірде пайғамбарымыз Мухаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі келіп: «уа Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», — деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», — деді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді:

— Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?
— Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

— Адамдардың ең байы болғым келеді?
— Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.

— Ең әділетті кісі болғым келеді?
— Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

— Адамдардың ең жомарты болғым келеді?
— Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

— Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?
— Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.

— Иманымның қуатты болғанын қалаймын?
— Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.

— Алладан шын қорқатын адам болғым келеді?
— Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.

— Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді?
— Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың.

— Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын?
— Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.

— Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын?
— Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.

— Күналарымның азайғанын қалаймын?
— Көп тәубе ет, күналарың азаяды.

— Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?
— Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.

— Барлығынан күшті — қуатты болғым келеді?
— Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.

— Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?
— Үнемі дәретпен жүр.

— Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді?
— Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.

— Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын?
— Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.

— Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын?
— Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.

— Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?
— Көз жасы, итағат ету және ауру.

— Алла қай амалды жақсы көреді?
— Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.

— Алла қай амалды өте жек көреді?
— Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.

— Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?
— Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.

— Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?
— Қайғы – мұңда сабыр ету.

— Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) сүйіктісі болғым келеді?
— Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, — деп жауап берді.