2020 жылдың 11 наурыз күні БҚО Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» ҚҚ ұйымдастыруымен, «Балалар ауылы» балалар үйі тәрбиеленушілеріне теолог маман Дүйсенәлі Бейімбет «Дін және зайырлылық» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында, бейнеролик көрсетіліп, бейнеролик желісі бойынша қатысушыларға діни білім мен салт-дәстүрдің маңыздылығы түсіндірілді және балалар үйінің тәрбиенушілеріне арнайы ақпараттық бүктемелі кітапшалар таратылып, дәстүрлі емес ағымдардан қалай сақтану, интернет желісімен келетін теріс діни материалдарынан қалай сақ болу керектігі туралы ақпарат баяндалды.









