Slider

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттеріне «Ұлттық дәстүр мен діннің сабақтастығы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы негізінде, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 2020 жылдың 26 ақпан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттеріне «Ұлттық дәстүр мен діннің сабақтастығы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Аталмыш семинар-тренингті теолог маман Бейімбет Дүйсенәлі жүргізді. Семинар барысында біз дәстүрлі мәдени құндылықтарға сай сананы, ұлттық салт-дәстүр мен дінімізді кемеліне келтіріп дәріптегенде ғана рухани азығымызды байыта аламыз. Ол үшін, күнделікті тұрмыс-тіршілігіміз бен тәлім-тәрбиеміз, мінез-құлқымызға ұлттық болмысымызды қалыптастыра түсуіміз керек, -деді.
Семинар соныңда студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Өздеріне қажетті ақпараттарды алғандарын айтып ризашылықтарын білдірді.