Slider

«Білім- ер азығы, Ер – ел азығы» атты білім сайысы өтті

БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры желтоқсан айының 10 күні ҚАЖД қарасты РУ-170/2 мекемесінде «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталған азаматтар арасында «Білім- ер азығы, Ер – ел азығы» атты білім сайысы өтті. Шараның мақсаты сотталушы азаматтар арасында діни білімін арттыру және оңалту. Аталмыш шараға «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог мамандары Арман Нұрахметұлы, Раманкулов Азамат Аралбайұлы, РУ-170/2 мекемесінің инспектор-теологы Жұмағужиев Ержан Ергенұлы қазылық жасады.

Сайыс Хадис ілімі, «Пайғамбар ақидасы» кітабы және қазақтың мақал-мәтелдері сұрақтары бойынша қатысушылар өзара сынға түсті. Қатысушылар 3 сұрақтан тұратын билетке толық әрі дұрыс жауап беру арқылы жеңімпаздары анықталды.Осылайша өз мәресіне жеткен білім сайысының қорытындысы бойынша білім байқауының жеңімпаздары жүлделі І-орын Назаров Сайрахманға бұйырды. ІІ-орынды Құттыбаев Біржан, қос қарсыласына есе жіберген ІІІ-орын Утегенов Жәнібекке беріліп, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.