Slider

«Білім- ер азығы, Ер – ел азығы» атты білім сайысы өтті

БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры желтоқсан айының 6 күні ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталған азаматтар арасында «Білім- ер азығы, Ер – ел азығы» атты білім сайысы өтті.
Шараның мақсаты сотталушы азаматтар арасында діни білімін арттыру және оңалту. Аталмыш шараға «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог мамандары Арман Нұрахметұлы, Раманкулов Азамат Аралбайұлы, Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Төлепов Азамат Нұғманұлы және РУ-170/3 мекемесінің теологы Сембай Айбір Сембайұлы қазылық жасады.
Сайыс Хадис ілімі, «Пайғамбар ақидасы» кітабы және қазақтың мақал-мәтелдері сұрақтары бойынша қатысушылар өзара сынға түсті. Қатысушылар 3 сұрақтан тұратын билетке толық әрі дұрыс жауап беру арқылы жеңімпаздары анықталды.
Осылайша өз мәресіне жеткен білім сайысының қорытындысы бойынша білім байқауының жеңімпаздары жүлделі І-орын Төлешов Серғали Қангелдіұлы бұйырды. ІІ-орынды Нұрмұханов Айбек Алпысбаевич, қос қарсыласына есе жіберген ІІІ-орын Маден Келдыбек Саркытбекке беріліп, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.