Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастырумен қатар олардың қызметі туралы шынайы ақпараттарды тарату мақсатында 2019 жылы 22 қараша күні Жаңақала аудандық мешітінің имамы Ерік Қонақбайұлы аудандық өрт сөндіруші бөлімінің қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат – Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.












