Ағымдағы жылдың қараша айының 21 күні «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат – Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Теректі аудандық мешітінің имамы Еркінбек Серікұлы Аңқаты ауылы мектебінде және Шалқар ауылдық мектебінде оқушыларымен және тұрғындарымен кездесу өткізілді. Діни экстремизм көріністерінің және терроризм қатерлерінің алдын алу, азаматтарымыздың теріс ағымдарға кірудің себептері, оны болдырмау және алдын алу мақсатында ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізді.