«Аманат – Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қараша айының 20 күні 2019 жылы Ақбұлақ ауылы, Қарағанды (Киров) ауылы, Ақсау, Александров ауылы, Кеңтүбек, Қарақұдық ауылы, Бумакөл, Успен және Пугачев ауылдарында кездесу өткізілді. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастырумен қатар олардың қызметі туралы шынайы ақпараттарды тарату мақсатында Бөрлі аудандық мешітінің имамы Қанат Қуанышбайұлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.