Slider

Қазақ халқының салт – дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмның таралуына жол бермеу, жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, бүгінгі қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға дұрыс бағыт-бағд

Ағымдағы жылдың 20 қараша күні БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат – Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында Теректі аудандық мешітінің имамы Еркінбек Серікұлы  Ақсуат ауылдық тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Жалпақтал ауылдық мешітінің имамы Нуралиев Тилек Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Дінде экстремизм жоқ» бағытында, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі жоғарғы сынып оқушыларымен «Мемлекет жəне дін: қоғам мүддесі жолындағы өзара іс-қимыл» бағытында, Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің жағарғы сынып оқушыларымен » Жат ағым идеологиясынан қалай қорғануға болады? » бағытында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу Қазақ халқының салт – дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмның таралуына жол бермеу, жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, бүгінгі қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, рухани құндылықты дәріптеу мақсатында  ұйымдастырылды.