Slider

Жаңақала аудандық мешітінің имамы Ерік Қонақбайұлы және Жалпақтал ауылдық мешітінің имамы Нуралиев Тилек, Бөкей Орда аудандық мешітінің имамы Қуандық Берікұлы «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында кездесу өткізілді.

«Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде  2019 жылы 18 қараша күні  Жаңақала аудандық мешітінің имамы Ерік Қонақбайұлы Пятимар ауылдық округінің және Қызылоба ауылдық округінің мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Жалпақтал ауылдық мешітінің имамы Нуралиев Тилек Талдыапан орта жалпы білім беретін мектебі оқушылырымен кездесу ұыймдастырып, «Конфессияаралық келісімді нығайту жолында» бағытында, Ақпəтер орта жалпы білім беретін мектебі оқушыларымен  «Зайырлылық» бағытында шара өткізді және Бөкей Орда аудандық мешітінің имамы Қуандық Берікұлы Саралжын ауылында мектеп окушыларымен «Жат ағымдардың алдын-алу» тақырыбы бағытында, Ұялы ауылының мектеп оқушларымен «Діни экстремизм алдын алу»  тақырыбы бағытында, Бөрлі ауылы мектеп окушыларымен «Зайырлық» тақырыбы бағытында кездесу өткізілді. Аталмыш шарада дәстүрлі емес, деструктивті діни ағымдар  және олардың қызметі туралы шынайы ақпарат тарату, рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне тоқталды.