Slider

Діни сенім бостандығы туралы түсінік

Қазақстан — зайырлы мемлекет. Діндерге шектеу жоқ. Дініне, көз-қарасына қарап ешкімді қудаламайды, қысым көрсетпейді. Себебі басты парызымыз зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құру. Сондықтан елімізде сөз, діни, наным-сенім бостандығы сақталған.

Дін бостандығы – кез келген дінді ұстану және қолдану құқығы. Тарихи тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы қазіргі уақытта кеңейіп, дін бостандығы ешқандай дінді ұстанбау немесе қолданбау, діни немесе басқа дүниетанымдарды уағыздау және олардан бас тартуды насихаттау құқығы ретінде түсіндіріледі. Мемлекет қалыптасуында, діннің тәрбиелік және әлеуметтік маңызы зор сана түрі ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, дін мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына да елеулі ықпал еткен. Өйткені дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.

Діни сенім бостандығы туралы түсінік адамзат тарихында ежелден келе жатқан қазіргі кезде, өзектілігін жоғалтпаған мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», деп анық бекітілген. Ар-ождан бостандығы – ең алдымен жеке адамның кез келген идеологиялық бақылаудан бостандығын білдіретін адамның негізгі жеке құқықтарының бірі, әркімнің рухани құндылықтар жүйесін өз еркімен таңдау құқығы. Ар-ождан бостандығы адамның абсолюттік құқығы болып табылады. Қорытындылай келе, осы Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды. Азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепiлдiк бередi, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудi таниды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет және мұнда әрбір адамға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі, сондай-ақ барлық конфессиялардың ұстанушылары заң алдында тең.

«Аманат-Жайық» ҚҚ-ның теолог маманы Убаев Наурыз