«Ислам» сөзі араб тілінен аударғанда тыныштық, бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Адамдарды ынтымақтықта, татулықта ғұмыр кешуге жетелейтін, жалпы алғанда әлемге бейбітшілік орнататын адамзатқа жіберілген соңғы дініміз. Осындай дінімізді адамзат баласы ежелден дәстүрлі дін ретінде ұстанып, бейбітшілікте өмір сүріп келген.
Қазіргі таңда өкінішке орай, Ислам дінінің мағынасын діндегі ұғымдарды өзгертіп, бейбітшілікті бұзуға тырысып жатырғандардың қарасы әлем бойынша көптеп кездеседі. Бұл бір ғана адам емес, ұйымдастырылған үлкен топтың әсерінен. Мұндай ұйымдасқан топты террористтер дейді. Террорлық топтар Ислам дініне қарсы келіп, асыл дінімізге күйе жағуда. Өз мақсаттарына жету үшін, неше түрлі құйтырқы әрекеттерін жасап жатыр.. Әлеуметтік желілерде түрлі сайттар ашып, неше түрлі уағыздар айтып, жастарымыздың миын улауда. Жастарымыз уланған күйі, қолдарына қару алып, бейбіт елде бейбітшілікті сүйген қарапайым халықтың тыныштығын бұзуда.
Әлемнің көптеген елдерінде терроризмге қарсы күрес өзекті мәселе болып отыр. Терроризмнің кең етек алуы елдердің әлеуметтік жағдайына немесе дінге қатысты емес. Бұл жауыздыққа толы індет. Бұл індеттен ешқандай мемлекет аман қалған жоқ. Барлық Араб елдері, АҚШ, Россия, Франция сынды елдер терроризммен бетпе-бет келіп, зардап шекті. Соңғы кездері экстремистік топтар Ислам дінін ушықтырып, басқа діндермен қақтығыстыруға талпынуда. Осы арқылы тек дінаралық емес, мұсылмандардың араларына іріткі салып жатқаны да айдан анық. Мәселен 2021 жылы 15 тамызда Ауғаныстан астанасы Кабулға Ислам Әмірлігін құрамыз деп тәліптер басып кірді. Тәліптер деген кім? 1994 жылы Ауғанстанда» Талибан «қозғалысы пайда болды. Көсемі молла Мұхаммед Омар. Ислам мемлекетін құруды көздеп, елге жаңа өзгеріс әкелетініне сенген халықтың үміті ақталмады.
Саясатты берік ұстаймыз, мемлекет тағдырын өзгертеміз деп жалған ойдың құрбаны болып жүрген тәліптердің әрекетін қалай бағалар едіңіз? Бағалау түгілі ендігі жасайтындарын бағдарлай да алмаймыз.
Халық тоналды, аяусыз қырылды, экономика күйреді.Тәліптер әсіресе әйелдерге қатал болды. Оларға жұмыс істеуге, білім алуға, ер адамсыз сыртқа шығуға тыйым салынды. Бейбіт күннің астында өмір сүруді қалайтын ауған жұртының өз ішінде сойқын соғыстан зардап шегуі — әділетсіздіктің белгісі
Ислами тұрғыдан заң орнатуды көздеген тәліптердің құрамы күн сайын кеңеюде. Діннен адасқан содырлар халыққа өз ойын ашық жеткізуге тыйым салды. Бұл келешек ұрпаққа кедергі келтіреді.
Терроризм мен Ислам бір-біріне қарама-қайшы дүние. Бірақ қазіргі кезде екеуін байланыстырып жатқандар көп. Осы арқылы ұлтаралық алауыздық және діни сенімсіздіктер туындап жатыр. Террористер дініміздің, тіпті Құранның негізгі қағидаларын білмейтін діни сауатсыз адамдар. Бейкүнә жандарды өз нысанасына алып анасынан баласын, әйелдерінен күйеуін, балаларды әкесінен айырып жатырғаны белгілі..
Экстремизм қатерлі ісік секілді, алдын алу шарасы жасалмаса тамырын кеңге жайып кетуі мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың, соның ішінде жастардың діни сауаттылығын арттыруымыз керек. Діни сағаттар өткізіп, діни кітаптарды оқытқанымыз абзал деп білемін.
Біз бейбітсүйгіш дінді қолдаймыз. Себебі ұлтаралық келісім бар жерде, діни тұрақтылық бар жерде ел дамиды, өседі, өркендейді.
Аманат жайық қоғамдық қорының теолог маманы Қуан Армат